Қазақстанда жол құрылысы мен жөндеу бойынша 8,5 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов хабарлады.
"9 айдың ішінде 22 мыңнан артық мәрте тексеру жүргізілді, 8,5 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Біздің ұсыныстарымыз бойынша жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асатын жолдарды қайта салу қажеттілігі анықталды. Қазір жұмыстарды аяқтаудың белсенді кезеңі жүріп жатыр, сондықтан бұл сома ұлғаятын болады және біз құрылыс ұйымдарымен, инженерлік қызметпен, авторлық қадағалаумен өзара белсенді әрекет етудеміз", - деді Сағынов.
Ол сондай-ақ Орталықтың техникалық мүмкіндіктерін атап өтті. 17 филиалда қолданылатын материалдардың сапасын тексеретін стационарлық зертханалар бар. Диагностикалау құралдарымен жабдықталған 16 жылжымалы зертхана жұмыс істейді. Қозғалыс кезінде жолдағы ақаулар, жол жағдайы, белгілер, жол белгілері тіркеледі.