Алматының дәл іргесіндегі Талғар қаласында садақ атудан ерлер мен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірер күнге созылған жарыс барысында Алматы облысының өрендері өздерінің мықтылығын мойындатты. Барлығы 11 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді олжалаған олар жалпы есепте алдарына жан салмады. Екінші және үшінші орындарға Шымкент пен Алматы қалаларының құрама командалары жайғасты.
Тарқатып айтсақ, Оңтүстік өңірден келген оғыландар 17 (3 алтын+10 күміс+4 қола) жүлде алса, Алатау байрауының өкілдері 10 (3+3+4) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.