• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қараша, 2020

Кәсіпқой бокс: GGG үздік ондықта

184 рет
көрсетілді

АҚШ-та жарық көретін жүз жылдық тариха бар әйгілі The Ring журналы әлемнің ең үздік кәсіпқой боксшыларының рейтингін (P4P) қайта жаңаратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтулы басылым бүгінгі таңдағы ең үздік боксшы ретінде Сауль Альваресті таныған екен.

Әрине, оған таңдануға болмайды. Себебі, 30 жастағы мексикалық саңлақ түрлі салмақ дәрежесінде күш сынасқанымен, үнемі жеңіске жетуде. Барлығы ол 56 мәрте жекпе-жекке шығып, 53 рет жеңіске жетті. 36 қарсыласын есінен тандырды.

Бір рет қана ұтылып, екі кездесуде тең есеп тіркелді. Сонғы рет "Канело" былтырғы жылдың 2 қарашасында Лас-Вегаста ресейлік Сергей Ковалевты 11 раундта ұрып жыққан болатын.

Сондай-ақ, "ТОП-10" бокшылардың тізімінде Наоя Иноуэ (Жапония) Теренс Кроуфорд (АҚШ), Александр Усик (Украина), Эррол Спенс (АҚШ), Теофимо Лопес (АҚШ), Василий Ломаченко (Украина), Хуан Франсиско Эстрада (Мексика), Джош Тэйлор (Ұлыбритания) және Геннадий Головкин (Қазақстан) сынды саңлақтар бар.