• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қараша, 2020

Тағы да 24-орында

89 рет
көрсетілді

Бұл күндері Пиреней түбегінде өтіп жатқан «Испания Вуэльтасы» көпкүн­дігінің 14-кезеңі бельгиялық велошабандоз Тим Велленстің жеңісімен аяқталды.

«Lotto Soudal» клубы сапында өнер көрсететін аталған спортшы Луго мен Оренсе қалалары аралығын қамтыған 204,7 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 37 минут 05 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды канадалық Майкл Вудс («EF Pro Cycling») пен чехиялық Зденек Штыбар («Deceuninck-Quick Step») иеленді. «Астананың» велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 24 сатыға табан тіреді. Бір айта кетерлігі, ресейлік легионер 23-кезеңде де дәл осындай нәтижеге иек артқан болатын.

Жалпы есептегі жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Әлі де «Team Jumbo-Visma» клу­бының серкесі Примож Рогличке тең келер ешкім табылар емес. Словениялық спорт­шының уақыты – 53:57:05. Эквадорлық Ричард Карапас («INEOS Grenadiers») екін­ші және ұлыбританиялық ХьюКарти («EF Pro Cycling») үшінші сатыға жайғасты. Ал қа­­зақстандық команданың мүшесі Алек­сандр Власов тоғызыншы орнын сақтап қалды.