• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қараша, 2020

Ел чемпионаты Алматыда өтеді

143 рет
көрсетілді

Республикалық күрес федерациясы биылғы ел чемпионаты 19-26 қараша аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтетінін ресми түрде растады.

Әлемді жайлаған пандемия дертіне байланысты бұл жарыс та көрерменсіз өтеді. Қатысушы команданың әр мүшесінің міндетті түрде ПТР сынағының теріс нәтижесі туралы анықтамасы болуға тиіс. Чемпионат еліміздегі коронавирус ин­фек­циясының пайда болуы мен тара­луының алдын алу жөніндегі Ведом­ство­аралық комиссия отырысының хатта­ма­сындағы барлық санитарлық талаптарға сәйкес және UWW бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі. Грек-рим және еркін күрес шеберлеріне бір кило артық салмақ рұқсат етіледі. Әйелдер күресі өкілдеріне ондай жеңілдік берілмейді.

Сонымен қатар төрешісі жоқ өңірлердің командалары чемпионаттан шеттетіледі. Міне, ел біріншілігіне қатысушыларға осындай талаптар қойылып отыр.