• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2020

Індеттің күшеюі – өзімізден

134 рет
көрсетілді

Өңірде карантиндік шектеулер күшейтіліп, 7 қараша сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайды. Кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды, демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл жөнінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Облыста коронавирус бо­йынша жағдай күрделене түсті. Індет басталғаннан 2 қара­шаға дейінгі статистикалық мә­лі­меттер бойынша облыс­та лабораториялық жолмен анық­­талған 3 805 оқиға тірке­ліп­ті. 1 қазан мен 2 қараша аралығында 318 адам аты жаман індетке шалдыққан. Оның 184-і – Көкшетау қаласының, 29-ы – Бурабай ауданының, 27-сі – Степногор қаласының, 48-і – Біржан сал ауданының, 10-ы – Атбасардың, 10-ы қалған аудандардың тұрғындары.

Оқушылар арасында 19 бала­дан індет лабораториялық жол­мен анықталса, мектепке де­­йін­гі мекемелерде 11 балдырған мен 2 тәрбиеші аталған ін­­детке шалдыққан. Облыс­та­ғы ко­ронавирустың таралу жағ­да­йы бойынша мәлім болған көр­сеткіштерге көз жүргіртсек, жағ­дай өте күрделі. Өткен аптада індетті жұқтыру өсімі 2,2 пайызды құрады. Соңғы үш ап­тада Көкшетау қаласының тұр­ғын­дары арасында COVID-19 ауру­ы­ның өсімі 3,5 есе ұлғайған. Алдыңғы аптада Біржан сал ауданындағы «Семізбай-У» кен орнында 43 адамнан корона­ви­рус жұқпасы анықталып, қа­зір­гі уақытта барлық кенші ка­ран­тиндік госпитальде ем қа­был­дау­да. Облыстың бас сани­тар­лық дәрігерінің мәлімдеуінше, онда қазір соңғы дезинфекциялық жұ­мыс­тар жүргізіліп жатыр.

– Облыста індеттің таралу жағ­дайы күрделене түсті. Қазір біз­дің өңір эпидемиялық ахуал бо­йынша жасыл деңгейге кірді, сондықтан карантин талаптарын қатаңдату қажет. Санитарлық бекеттер карантин аймағына кіру және шығу пункттерінде орнатылады, – дейді А. Мусина.

Сонымен, облыстың бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрі­ге­рі­нің 3 қарашадағы қаулысына сәйкес биыл 7 қарашадан бас­тап карантиндік шектеулер кү­шей­ті­ле­ді. Көкшетау қала­сы­ның жан-жа­ғынан санитарлық бекеттер орнатылып, демалыс және мереке күндері қалаішілік қоз­ға­лыс көліктері тоқтатылады.

Брифинг соңында өңірдің бас санитарлық дәрігері тұр­ғын­дардан санитарлық талаптар­ды сақтап, әркім өзінің және жа­қын­да­рының денсаулықтарын қада­ғалап, карантинге түсініс­тік­пен қарауға шақырды.

Алғашқы толқыннан әупірім­деп өткеннен кейін ел баяғы мамыражай қалыпқа түскен. Облыс орталығындағы мейрамханаларда үйлену тойлары, құдалық, жаназа асы өткізіле бастады. Мей­рамхана иелері қулыққа бас­­қан. Есік-терезені тұмшалап, көз байланған уақытта жарық көрін­бейтіндей етіп жасырды. Бірақ біз жасырғанмен, індет жасырынбайды екен. Есіктен сығалап төрге озды. Тексеру көбейген соң сәл тыйылғандай болды. Осы кезде коттедждерін жалға беретіндердің айы оңынан туып, қатерлі кәсіптерін үдете бастады. Жаназаға барушылар да бәз-баяғы қалпында. Өздерінің санитарлық талапты бұзған әре­кет­­терін бармай қалсақ ұят бо­ла­­дымен ақтағандардың соңы ін­деттің өршуіне әкелді. Егер барлық талап сақталса, жаман тұмау бүгінгідей өршімес пе еді, кім білсін?!

 

Ақмола облысы