• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қараша, 2020

Қапшағай дәрігерлері індетпен күресуге дайын

656 рет
көрсетілді

Коронавирус індетінің ағашқы толқыны Қапшағай қаласына да үлкен сын болған еді. Дерт жұқтырғандар саны күрт көбейіп, шағын қалаға қатаң шектеу енгізілген болатын. Қазір де аймақта сақтық шарасы күшейіп, індеттің екінші толқынына дайындық барысы күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қапшағай қалалық ауруханасы вирусқа тосқауыл болып барлық шараларды қабылдап жатыр. Бүгіне емдеу мекемесінде 30 төсек орын дайындалған. Тағы 20 орын резервте тұр. Аурухана оттегі концентраторы мен өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталған. Мысалға, емханаға 128 орталықтанған оттегі нүктесі тартылған. Сондай-ақ, қалада қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар тапшылығы жоқ. Қала бойынша індетпен күреске 129 қызметкер жұмылдырылса, оның ішінде 34 дәрігер,  58 орта буын маманы және 22 кіші санаттағы қызметкер бар.

Қалалық бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарда бетперде, арақашықтық талап етілуде. Жауапты кезеңде ақ халаттылардың еңбек демалысы тоқтатылып, барлығы тегіс вируспен күреске жұмылдырылды. Індет таралу қарқынының артқанына байланысты ұжымдық іс-шаралар, топтық жиындар, кездесулерге тиым салынды. Бұл жұмыстар мониторинг топтың қатаң бақылауында екен.

"Қалалық аурухана қазір қатаң режимдегі дезинфекциялық тәртіп сақтауға көшті. Барлық бөлімдерге санитайзер, қол сүртуге арналған антисептик қойылған. Мекеме ішіде күніне 3 рет тазалық жүргізіліп отырады. Дәрігерлер де жеке қорғаныш костюмі мен бетперде, антисептик, құрал-жабдықпен толық қамтылған", дейді Қапшағай қалалық ауруханасының бас дәрігері Айман Рақышева.

 

Алматы облысы