Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.
Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-ның 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факті - кезекші сынып оқушылары арасында, 564 - қашықтықтан білім алушылар арасында тіркелген. Соңғы аптада COVID-19 кезекші сыныптарда оқитын 62 оқушыда анықталды. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады: сәйкесінше 32, 12 және 5 жағдай.