Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша түбегейлі өзгерістер байқалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлескен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Екінші жыл қатарынан біздің бірлескен жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүресте БҒМ өз бастамаларын ұсынып,белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта білім саласында ашықтық, айқындық және объективтіліктің арқасында оң өзгерістер байқалады. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы мен Мемлекет басшысының саясаты, алқойылған міндетті министр орындап жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдердін жою барысында жоғары оқу орындары қауымдастығы, сарапшылар ментұтастай алғанда ведомство қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Білім және ғылым министріне белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіремін»,– деді Алик Шпекбаев.
Жиында бірлескен жобалардың нәтижелері ерекше атап өтілді. Бұл бағытта азаматтық қоғамды жұмылдыруға басты назар аударылған.
Оның жарқын мысалы ретінде еліміздің барлық өңірінде магистратураға түсу кезінде Агенттік пен Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп жүргізген мониторингті айтуға болады. Мониторингке 500-ден астам бақылаушы қатысты. Нәтижесінде дайындық деңгейі төмен әрі академиялық адалдықтан жұрдай үміткерлер тізімге ілікпеді және мемлекет 2,7 млрд теңге үнемдеді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дағы («Болашақ») сыртқы талдау орталық қызметінің түбегейлі трансформациялануына негіз болды. Бизнес-процестерді оңтайландыру нәтижесінде жыл сайын 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделетін болады.
Қоғамдық мониторинг шеңберінде қашықтан оқыту кезінде компьютерлерді сатып алуға бөлінген қаражатты үлестіру жөніндегі комиссиялардың құрамында «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселері, Арнайы мониторингтік топтардың және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері болды. «Баға – сапа» қағидаты бойынша компьютерлік техниканы әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын іріктеу арқылы бірлескен күш-жігермен шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді.
«Біз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобының мүшелері ретінде аймақтарды аралап, білім саласындағы жағдай жақсарып келе жатқанын байқадық. Ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық процессавтоматтандырылған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Министрлік арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен тұрақты жұмыс жасап, жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін әдістерінұсынып келеді. Көптеген өңірде жұмысқа қабылдау процесі электрондық форматқа ауысып жатыр», – деп атап өтті Агенттіктің арнайы мониторингтік тобының жетекшісіАйгүл Соловьева.
Бұлтты технологияларға көшу, педагогтерді электрондық форматта аттестаттаудан өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Құжаттарды қабылдау, колледждер мен жоғары оқу орындарынатүсу емтихандарын өткізу процестері автоматтандырылып жатыр. Бұл сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға мүмкіндік береді.
«Ақша студентпен бірге жүреді» жүйесі университеттер, колледждер арасында бәсекелестікті арттырып, өз кезегінде білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. 2021 жылы мектепке дейінгі білім беру саласында да ваучерлік жүйе енгізілетін болады. Яғни, бұдан былай ата-ана ваучерді алып, баласын қай балабақшаға беретінін өзі шешеді.
Өз кезегінде ҚР БҒМ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Adal Bilim» жобалық кеңсесінің жетекшісіТалғат Нәрікбаев заңнамаға өзгерістер енгізуді және өңірлердегі білім беру сапасы үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды.
«Үкімет алдында білім саласына тек БҒМ жауап беретініне назар аударғым келеді. Бұл ретте барлық ұйымдастырушылық және материалдық ресурс әкімдіктердің қолында екенін атап өткен жөн. Осыған орай, біз жергілікті атқарушы органдардың білім беру саласындағы жауапкершілігін заңнамалық деңгейде арттыруды ұсынамыз», – деді Талғат Нәрікбаев.
Кеңеске қатысушылар Білім және ғылым министрлігіне оқушылар мен студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқу пәндерін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ барлық студент қызметтерді қашықтан, яғниэлектронды форматта алуы үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында цифрландыру бағытындағы жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.
«Проблемалық мәселелер жоқ емес. Айтылған барлық ұсынысты егжей-тегжейлі талдап, жұмыс жүргізетін боламыз. Тәуекелдерді болдырмау үшін бізге ашықтықты толық қамтамасыз ету маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстыжалғастырамыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.