• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Қазақстанға келген Ресей елшілігі қызметкерінен коронавирус анықталды

202 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанға ұшып келген Ресей Федерациясының елшілігі қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп жазадыEgemen.kz

«Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері Нұр-Сұлтанға ұшып келгеннен кейін ПТР-тест әдістемесімен тексерілді. Тексеру нәтижесінде Ресей азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта шетел азаматы 14 күндік карантинге жатқызылған. Өзі толтырған анкетада ол Ресей азаматы екенін және сол елдің Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтінін, Қазақстандағы РФ елшілігіне келгенін көрсетті», - дейді Сәдуақас Байғабылов.