• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қараша, 2020

Мәжіліс сайлауы: 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады

408 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтары шет елдерде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады, - деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президентінің  21 қазандағы №439 Жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады. Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұраймыз", делінген хабарламада.