ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жоо оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру. Конкурс екі кезеңнен тұрады:1️⃣2020 жылдың 12-30 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;2️⃣2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды жоо қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.