• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қараша, 2020

Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

119 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, «Отандастар қоры» КеАҚ Пре­зиденті Н.Әбіқаев, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш.Нұрышев, Қазақстан  Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Н.Мауберлинова және «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.

Іс-шарада «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің 2018 жылғы 12 қазандағы ұсыныстарының орындалуы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №280 қаулысының және «Отандастар қоры» КеАҚ-тың орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспарының жүзеге асырылуы қаралды.