Еліміз ойшыл философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист және музыкатанушы Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығын атап өтіп жатыр. Әл-Фарабидің толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед әл- Фараби (Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархани). Ол Аристотельден кейін дүние жүзіне танымал ойшыл ғалым және энциклопедист. Әл-Фарабиден басқа Қазақстанның оңтүстік өңірінде өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауи, Исхак әл-Фараби, Мұхаммед Зарнуки, Сүлеймен Бақырғани, Исмаил әл-Жаухари, Ахмет Игүнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Сарыұлы Ақтамберді, Мұхаммед Хорезми және көптеген басқа атақты педагог-ғалымдар, ғалым-практиктер, инженерлер мен академиктер дүниеге келді.
Өткен ғасырдың ортасындағы ғылыми-техникалық прогресс және онымен байланысты бұрынғы Кеңес Одағын және егемен мемлекеттерінің тәуелсіздік алған жылдарындағы өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларының өндірістік кешендерінің, агроөнеркәсіп кешенінің, логистика мен алуан көлік түрлерінің, маңызды жер аудандарының ирригациясының орасан зор ауқымдары, кейде бірқатар объективті және субъективті себептерге орай жағымсыз салдарларға әкеліп отырды.
Осы жағымсыз салдарлардың негізгі себептерінің бірі ретінде нарықтық өмір сүру жағдайында біздің жас әрі тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу дәуірінде пайдалы қазбалардың көл-көсір байлықтарына рақымсыз және жауапсыз қарауымызды айтуға болады. Табиғатқа деген осындай қарым-қатынас қоршаған ортаның жағдайын күрт нашарлатты: суаттардың, топырақ пен атмосфераның өнеркәсіптер мен өндірістердің ғана емес, сондай-ақ үлкен қалалардың, ауылшаруашылық кенттерінің, кен өндіретін кешен кәсіпорындарының қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарымен, үлкен химияландыру дәуірінен кейін қалып қойған фосфор сала тармағының, мұнай өндіретін және қайта өңдеуші саланың, түсті металлургия мен олардың кеніштерінің бірнеше миллиондаған тонна техногенді қалдықтарымен ластануына алып келді.
Жекелеген жұмыс орындарында бұрынғы Қазақ химия-технология институтының, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бейорганикалық және органикалық заттар, механика, құрылыс және басқа да мамандықтарын бітірушілерінің 80%-ға жуығы жұмыс істеген Шымкент, Жамбыл, Жаңатас, Қаратау, Ақтөбе және Алға қалаларының ірі фосфор, бариттер және хромқосылыстары мен ферробалқыма зауыттарынан құралған химия өнеркәсібі мен минералды тыңайтқыштар өндірісінің қалыптасуы туралы айтқанда, біз бейорганикалық заттар технологиясының негізгі бағыттарының бірі улы химикаттар, пестицидтер, фунгицидтер мен дефолианттар алу туралы ұмыттық. Өйткені осы заттар бізді қоршаған ортаны қорғауға тікелей қатысы бар. Бұл мәселелермен кезінде А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдарының салалық институттары, А.А.Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия ҚазҒЗИ, Ж.Жиенбаев атындағы «Өсімдік қорғау және карантин» Қазақ ғылыми-зерттеу институты шұғылданды.
Химия өнеркәсібінің фосфорлық сала тармағы Қаратау мен Шиелісай фосфориттерінің бассейні маңызды қорларына негізделеді. Мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі Оңтүстік-Батыс және Батыс өңірлерінің мұнайы мен газ кен шоғырларына сүйенеді, қара және түсті металлургия Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының және оңтүстік өңірлерінің металлургиялық шикізат қорларына негізделеді. Химия өнеркәсібінің түрлі тұздарының қарқынды дамуы Батыс, Солтүстік және Оңтүстік облыстарында, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Хромтау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Орал және т.б. қалаларда орналасқан салалық институттардың жұмыстарынан бастау алады.
Д.И.Менделеевтің кестесіндегі 110 элементтің 99-ы біздің еліміздің жер қойнауынан табылғаны белгілі, соның 78 элементі барланды, 60-тан астам элемент қолданылып келеді. Кеңес Одағы құрамында болған тұста Қазақстанның үлесіне 64,7% фосфориттер, 81,7% бариттер, 20,1% асбест пайдалы қазбалар шоғыры құрады. Республика КСРО-да сары фосфордың 90%-ға жуығын, азықтық фосфаттар мен кальций карбидінің 40%-ын шығарды.
Қазақстанда химия өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы Бөген, Арыс және Шаян өзендерінің бойында өсетін дермене мен итсигек, жабайы тұзды кендер мен ұсақ сабын қайнататын және желім қайнататын кәсіпорындар базасында Шымкент сантонин зауытын салудан басталды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, химия өнеркәсібі ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін анықтайды да, кез келген мемлекет экономикасының даму критерийі болып табылады.
Қазақстанда химия өнеркәсібі фосфорлық сала тармағына ғана негізделмеген. Оның құрамына хлор, каустикалық және қақталған сода, хром қосылыстары, күкірт қышқылы, мұнай-химиялық өнімдер өндірісі кіреді. «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ ТМД-дағы хром қосылыстарын өндірушілердің үшеуінің бірі болып келеді. Кәсіпорын Ақтөбе облысында өндірілетін натрий бихроматын, хром тотығын, хром ангидридін, хром сульфатын, хромит кенінен алынған хром илегіш шығаруға бағытталған. Хром тұздарының 90%-дан астамын АХҚЗ алыс және жақын шетел елдеріне экспорттайды.
Хлор өндіру бойынша әлемдік қуат АҚШ (30%), Азия және Мұхит елдері (25%), Ресей, Үндістан өндірушілеріне сүйенеді. Хлордың барынша көп тұтынылуы фармацевтиканы қоса алғанда, химикаттар, металл өндірісінде, химиялық тазалау және электроникада, қағаз-целлюлоза өнеркәсібінде, су тазалауда және суды зарарсыздандыруда пайдаланылады.
Бұрынғы Шымкент қорғасын зауыты мен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының мышьяк құрамды тозаңдарының мыңдаған тонналары өткен ғасырдың ортасында ғана емес, қазіргі таңда да ерекше алаңдаушылық тудырады.
Қазіргі таңда Өскемен қорғасын-мырыш зауытының мышьяк құрамды шаң-тозаңы қайта өңдеуге ұшырап, бағалы металдар алынады, ал бұрынғы Шымкент қорғасын зауытының шаң-тозаңдары қала сыртындағы қалдық қоймаларында көмілген және жерасты суларына еніп, орны толмас залал келтіруі мүмкін деп айтуға болады.
Жоғары білім беру жүйесі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның көптеген тәуелсіз мемлекетінде Болон процесіне кіруімен байланысты өзіндік оң және теріс жақтарға ие маңызды өзгерістерге ұшырады.
Біздің республикамыздың ғана емес, сондай-ақ КСРО-ның жоғары және орта-арнаулы білім жүйесінде жоғары рейтингке ие ҚазХТИ, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ алғашқылардың бірі болып осы оқыту жүйесіне көшті, химия-технологиялық және техникалық, сондай-ақ гуманитарлық білім бағдарламаларында да өз ұстанымдарына берік болып келеді, экономиканың түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлауда алғашқы үштік құрамына кіреді, бұрынғы КСРО-ның басқа тәуелсіз мемлекеттерімен салыстырғанда, біздің көпұлтты еліміздің Ұлттық университеттерінен кем түспейді.
Біздің елдің индустриалды-экономикалық инфрақұрылымы дамыған оңтүстік өңірлердің ғалымдары барлық ұсынылған жұмыстар тек химиялық, мұнай-химия, металлургия және тау-кен өндірістерінің ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің технологиялық процестерін инновациялауға бағытталған.
Ардақ Сұлтанның «Ғалымдар азайып, қаржы көбейді» мақаласында көрсетілгендей, Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу конкурстарына сәйкес республикамыздың халқы ең тығыз орналасқан Шымкент қаласы және Түркістан облысы алғашқы бестігіне кіре алмады.
Жас ғалымдар байқауының нәтижелері бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың тек екі жұмысы гранттық қаржыландыруға ие болды, оған 60-тан астам өтініш келіп түсті. Бұл ҰНЖ-да миллиондаған тонна өндірістік қалдықтар мен «Қазфосфат» ЖШС-нің тау-кен кешенінің баланстан тыс кендері жиналған өнеркәсіптік аймақтардағы экологиялық жағдай туралы білетін өкілдерінің болмауына байланысты болуы мүмкін. Қаржы ресурстарын химия мен металлургия қалдықтарына бағыттау қажет. Ғылымға салынған инвестициялардың «дәнінен» жалпы ішкі өнім өседі.
Осыған байланысты ғылыми мақалаларда қолданбалы әзірлемелердің көпшілігінің өнертабысты патенттер мен авторлық куәліктерге негізделгенін ұмытпау керек. Ал ғылыми жобаларға ұсынғанда жетекші ғалымдардан талап етілетіні – рейтингі жоғары шетелдік басылымдар. Ол басылымдары квартиль алынған кезде тек ғылымның бағытты бір саласын ескереді. Біз ғылыми-зерттеу ішінде өзара байланысты ғылымның әртүрлі салалы бағыттарын қамтуын есімізде сақтауымыз керек.
ҰҒА ЖАК рейтингті көрсеткіштеріне кіретін негізгі индекстелетін хабаршы журналдар дәстүрлі Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында орналасқан. Үшінші мегаполис пен еліміздің оңтүстік аймағы кірмейді. Бірақ осы өңірде жеке ЖОО-ны еске алмасақ та, 3 мемлекеттік және ірі өнеркәсіптік агроөнеркәсіптерде жұмысшылар мен білікті мамандары қызмет атқаратын 3 млн-нан астам халқы көбінесе жеміс-жидектермен Қазақстанды қамтиды.
Мысалы, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Egemen Qаzaqstan» газетінің тілшісі Айдана Шотбайқызына (4 мамыр 2020 ж.) берген сұхбатында кейбір тәуелсіз мемлекеттер бойынша: Қазақстан – 0,12%, Армения – 0,3%, Украина – 0,5%, Беларусь – 0,6%, Ресей Федерациясы – 1,2% және Оңтүстік Корея 5% ІЖӨ көлемінде ғылымды қаржыландырудың кейбір сандарын атап өтті.
БҒМ-ның конкурстарына ғана емес, басқа ведомстволардың конкурстарына да беретін жобалық өтінімдердің көпшілігі шетелдік сараптамадан өтуі тиіс. Мұнда шетелдік сарапшылар негізді жоғары балл береді, ал өз ішімізде мемлекеттік сарапшылар төмен балл беріп өтінім материалдарына теріс шешім шығарады, көпшілік жұмыстар шет қалып қояды. Егер осылай болса, онда ғылымға бөлінетін аз ғана қаражатты шетелдік сарапшыларды тарту үшін талан-тараж етудің қажеті қанша?
Мысал ретінде, өзі жері аз және мұхитпен қоршалған Жапон елі бұрынғы Кеңес Одағында жарияланатын «Наука и техника» және «Химия и жизнь» журналдарына соңғы беттеріне басылатын қысқа мәліметтерді қолдана отырып, бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Екіншіден, біз еліміздің қауіпсіздігін ойламай, құпия мәліметтерді бостан-бос таратып жатырмыз.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың маңызды жетістіктерін айтар болсақ, «Табиғи және техногенді екіншілік шикізатты қайта өңдеу инновациялық технологиясын жасау мен ұйымдастыру» бойынша 2005 жылы ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтың оңтүстікқазақстандық 13 лауреатының 8-і – осы жоғары оқу орнының профессорлары.
2006 жылдан бастап қазірге дейінгі кезеңде университет 4 ғылыми жаңалыққа, өнертабыс және KZ пайдалы модельдері бойынша 250-ден астам патент, оның ішінде 5 еуразиялық патент алды. Олардың бірі «Кешенді органикалық-минералды тыңайтқыштар алу тәсіліне» патент бойынша сағатына 500 кг қоспа тыңайтқыш өндіретін қондырғы монтаждалды, ал екіншісі – 167 құрамдас мемлекет мүше Берн Конвенциялы Халықаралық авторлық шығармалар депозитариясы (Берн, Швецария) қолдаған «Получение пожаро – взрывопадавляющего состава на основе электротермофосфорного шлака и фосфогипса» шығармасы ( авторлары – Кожамжарова Д. П.,Молдабеков Ш.М., Жантасов К.Т., Наукенова А.С., Сапаргалиева Б. О.).
2016 жылғы википедия деректері бойынша, қазақ химия-технологиялық институтын бітірген, осы институт қабырғасында жұмыс істеген және М.Әуезов атындағы ОҚУ-да жұмыс істейтін бірқатар ғалым «ХХ ғасырдың химигі», «ХХІ ғасырдың химигі», «КСРО химигі» және «Қазақстан химигі» болып атанды.
Университет 2018 жылы БҒМ конкурсына 217 өтінім берді, бірақ көптеген жоба өтпей қалды. 20-30 және одан жоғары балл алған жұмыстардың конкурстан өтпей, 16 балдан кем жинаған жұмыстардың гранттық-қаржыландыру жобаларына ие болуымен байланысты деп ойлаймыз.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-мақсатты жұмыстары бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ 20-ға жуық жұмыс тапсырды, оның ішінде бірқатар жұмыс 30 және одан жоғары балға ие болды. Тікелей сараптама жүргізу кезінде баяндамаға 2 минут және талқылауға 3 минут бөле отырып, салалық ауылшаруашылық ҒЗИ 30 және одан жоғары балл жинаған 100-ден аса жұмыстың ішінен небәрі 14 жобаға көңіл бөлді.
2019 жылы университет БҒМ жариялаған жас ғалымдарға арналған конкурсқа 100-ге жуық өтінім берді, оның ішінде 14 өтінімді «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі берді. Мұның барлығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің маңызды потенциалға ие екенін көрсетеді. Жобаларды жүзеге асыру ғылым мен техниканың дамуына маңызды ықпал етеді, өңірде, сондай-ақ жалпы республикада маңызды әлеуметік-экономикалық әсерді қамтамасыз етеді. Мәселен, 2012-2014 жылдарға арналған БҒМ гранты бойынша «Сұр топырақтар үшін спецификалық ерекшеліктері бар поликомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі технологиясын жасау және ғылыми негіздерін әзірлеу» (90,39 млн теңге) жобасы әзірленген. Нәтижесі – сағатына 500 кг өндіретін құрамында ылғал ұстайтын заттар, микроэлементтер мен гуматтар бар күрделі-аралас көпкомпонентті фосфор-калий және азотқұрамды құрғақ қоспатыңайтқыштар тәжірибелік қондырғысы, «Кешенді органикалық минералды тыңайтқыштарды алу тәсіліне» арналған №023417 еуразиялық патенті және Қазақстан Республикасының №27551 және 33805 патенттері, №25063, №26160, №27474, №31226 және №030649 Қазақстан Республикасының инновациялық патенттері.
Жобаның жалғасы болып 2015-2017 жылдары «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұзақ әсер ететін гумат құрамды күрделі-араласқан NРK- тыңайтқыштарды қолдану кезінде қызанақ, сәбіз, және соя бұршақ дақылдарындағы санитарлық-эпидемиялық, токсикологиялық және радиологиялық қосылыстар құрамының өзгерісін зерттеу» (27,5 млн теңге) тақырыбында жүргізілген. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде шығарылатын фосфор, калий, ылғалұстағыш, гумат және микротыңайтқыштар құрамды тукоқоспалы өнімдердің ассортиментіне арналған төмен сұрыпты фосфат шикізатын өңдеуге жұмсалатын экономикалық шығындарды 20-25%-ға азайтуға, сол арқылы өндіріс ауқымын 20-25%-ға ұлғайтуға, қоспатыңайтқыш өнімінің өзіндік құнын 2-3 есе төмендетуге, жұқалап жаншылған фосфат шикізатының экстракция сатысын жоюға және экстрациялық фосфат қышқылы мен минералды тыңайтқыш алуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі жұмыстарға А.А.Успанов атындағы агрохимия және топырақтану ҚазҒЗИ, Ж.Жиенбаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҚазҒЗИ, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Алматы филиалы, Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті мен «Тамақ өнімдерінің сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасы», Беларусь республикалық сапа бойынша бақылау-сынақ кешені, тамақ өнімдерінің сапасын сараптау мен сертификаттау орталығы қатысты.
2015 жылдан бастап құрамында АС-500 диірмені бар қондырғы оқу процесіне ендіріліп «Зауытты жобалау және жабдықтау негіздері», «Минералды тыңайтқыштарды өндірудің қазіргі заманғы технологиялары», «Өндірістерді жобалау және жабдықтау негіздері», «Кешенді күрделі-аралас тыңайтқыштар алу технологиялары», «Құрамында фосфор бар кешенді тыңайтқыштар алудың инновациялық технологиялары» және т.б. пәндер бойынша мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде студенттерге, магистратура және докторантура тыңдаушыларына сабақ өткізіледі.
Әзірленген технология бойынша «ЖАМБ-70» көпкомпонентті қоспа тыңайтқыш өнімін шығару инвестицияның жоқтығынан тоқтап тұр. «ЖАМБ-70» тыңайтқыш қоспалары агрохимиялық технологияға 2018 жылы Қазығұрт ауданында орналасқан «Жантас» қожалығында және Сарыағаш ауданындағы «Алтынай» қожалығында қолданылып, енгізілді.
ҒЗЖ және ТКЖ нәтижелерінің алынған деректері озық технологияларға жол ашады, ғылым мен техниканың, химия өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына оң ықпал жасайды.
Біз өзімізді дамыған елдердің бірі деп санауға толық құқымыз бар. Бірақ осы жетістіктерді арттыруға көптен-көп объективті және субъективті себептер туындап шығуы мүмкін. Солардың біріне жалпы білім алушы жоғары сыныптың оқушыларының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен 2020 жылғы типтік оқу бағдарламасы бойынша, ескі бағдарламамен салыстырғанда техникалық ғылымдар бағытына сәйкес тапшылық бұл салаға орта мектептер мен дайындалып жатқан жаратылыс математикалық циклына, мысалы физика мен географияға 4 сағаттан аптасына бөлінсе, 10-сынып оқушыларына негізгі химия мен биология пәндерінен тек қана факультативпен өту немесе керісінше. Сонымен қатар Дене шынықтыру пәнімен Өзін-өзі тану пәндері бойынша сәйкесті 3 және 1 сағаттан жүктелінген.
Біз мемлекетіміздің болашағын ойлаймыз, ал бәрімізге құпия емес, соңғы 5-6 жылдан бері химия-технологиялық мамандықтарына, химиядан және биологиядан мамандар жетіспегендіктен еліміздің химия өнеркәсіп саласында жас мамандар жоқ деп айтсақ та болады.
Мысал ретінде, Қытай өткен ғасырдың аяғынан химия саласы бойынша химиктерге көп назар бөлгендіктен олардың химия өнеркәсібі өте дамып, минералды тыңайтқыштар өндірумен тұтынуы бойынша әлемдік көрсеткіштері алғашқы қатардан орын алып отыр. Тек қана минералды тыңайтқыштар емес, күнделікті гигиеналық және басқа заттармен қатар балаларға арналған ойыншықтар да химиямен өте тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. Осыған орай жалпы орта білімі бойынша мектептер мен гимназияларда химия мен биология пәндеріне назар аударсақ, біздің де елімізді биік шыңдардан көруіміз күмәнсіз.
Мен өз үкіметіміздің қабылдаған шешімдеріне қарсы емеспін, бірақ ұтқырлық пен мобильділік туралы, сондай-ақ білімді жеткізу және жоғары мектеп тыңдаушыларынан сапалы жауаптардың талап етілуі туралы ұмытуға болмайды. Республикамыздың 3 млн-ға жуық халқы тұратын Қазақстанның оңтүстігінде 1 млн-нан 1,5 млн-ға дейінгі халық тұратын басқа облыстармен салыстырғанда, жастардың көпшілігі техникалық және жаратылыс-технологиялық мамандықтарды таңдайды. Мұның өзі лекциялық және зертханалық-практикалық сабақ түрлерінің, сондай-ақ педагог пен тыңдаушылардың өз бетінше жұмыстарының адал ниетпен әрі сапалы өткізілуін талап етеді. Сондықтан менің көзқарасым бойынша және Халықаралық жоғары оқу орындарын оңтайластыру кезінде, халқы тығыз орналасқан өңірдің, әсіресе республикамыздың үшінші мегаполисінің ерекшеліктерін ескеру қажет және менің ұсынысым:
– ҰҒК мүшелерінің құрамына Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірінде орналасқан кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін білетін химик-технологтар, силикатшылар мен металлургтер мамандарын енгізу;
– Гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінім беру кезінде жоба басшыларының жарияланымдарына квартилі мен процентилінен басқа, өнертабысқа патенттердің бар-жоғын ескеру.
– Ғылыми қызмет кластерлерін дамыту бойынша өндірістік қажеттіліктерге барынша жақын «Топырақ ортасының химиялық құрамын білу негізінде теңдестірілген минералдық тыңайтқыштарды алудың өңірлік технологияларын құру».
Еліміздің түрлі аймақтары үшін ІЖӨ-ге сәйкес қуаты жылына 20 мың тоннаға дейінгі шағын өндіріс түріндегі тукоқоспалары бар қалдықтарының негізінде теңдестірілген тыңайтқыштарды алу біздің мемлекетіміздің экономикасының химия, көмір және тау-кен өндіру салаларының әртүрлі өндірістерінің, құрамында ылғал ұстағыш және көпфункционалды сорбенттері бар болуы тиіс.
– Гранттық жобаларды қаржыландыру туралы оң шешім қабылдау кезінде қолданбалы маңыздылығын және өнеркәсіптік технологиялық желілерге жақындатылған модельдік тәжірибе қондырғыларын құру мүмкіндігін ескеру.
Құрманбек Жантасов,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ресей жаратылыстану академиясының академигі