• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Қараша, 2020

Аналарға арналған жәрмеңке

180 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің бастамасымен «Ананың аялы алақаны» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада 15 көпбалалы ана қолдан жасалған бұйымдарын, дәмді тоқаштар мен тұздалған көкөніс түрлерін көпшілік қауымға ұсынды.

Мұндағы тауарлардың бә­рі де ізгі ниетпен жасалып, шын жүректен ұсынылған деп нық сеніммен айтуға болады. Мы­салы, іс-шара барысында көп­балалы ана Жанар 50-ден астам банка тұздалған көкөніс әкелсе, жас ана Дильназ ұлымен бірге бес түрлі 300 торт сатты.

Жәрмеңкеде көпбалалы ана, аналар кеңесінің мүшесі, «Ұлы даланың ұлттық құндылықтары» фестивалінің Гран-при иегері Бақытты Қанапинованың қолы­мен дайындалған қазы, шұжықты да сатып алуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар мұнда тек аспаздық өнімдер ғана емес, сон­­дай-ақ аналардың қолымен тігілген футболкалар, белдем­ше­­лер, тәпішкелер, тіпті медици­на­лық маскалар да бар.

Жоба бастамашыларының бірі, аналар кеңесінің төрайымы, отставкадағы подполковник Жанар Кенжеғалиева мұндай іс-шараның басты мақсаты әйел­дердің өзін-өзі танытуына қолдау көрсету және ынталандыру екенін айтады. Бұдан бөлек, жәр­меңке аясында әйелдерге өз дең­гейін көтеріп, жан-жақты дамуы үшін семинар-тренингтер мен оқыту шеберлік сыныптары өткізіледі.

 

ҚАРАҒАНДЫ