Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.
Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
1984-1988 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1988-1990 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант.
1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
2008-2011 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2012-2014 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Бауыржан Мамыталиевке осы күнге дейін атқарған қызметіне алғыс айтып, сәттілік тіледі.