• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қараша, 2020

Дмитрий Попко жарысты сәтті бастады

206 рет
көрсетілді

Бұл күндері АҚШ-та теннистен Челленджер санатына жататын халқаралық турнир өтіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Айтулы жарысты әлемдік рейтингте 172 орында тұрған қазақстандық теннисші Дмитрий Попко сәтті бастады. Тұсаукесер кездесуінде ол АТР тізімінде 245 сатыға жайғасқан 24 жастағы корт қожайыны Ноа Рубинмен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде жерлесіміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Екі сеттік сайыс 6:1, 6:2 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде Попко тағы бір америкалық ойыншы Закари Свайдамен күш сынасады.

Жұптық сында Қазақстанның өкілі канадалық Питер Поланскимен бірге өнер көрсетуде. Алғашқы айнылмда олар АҚШ теннисшілері Брендон Накашима/Кристофер Юбенкс жұбымен кездеседі. Сондай-ақ, Андрей Голубев пен Александр Недовесов те осы жарыста бақ сынайды.