• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қараша, 2020

Сенатта жаңартылатын энергия көздері туралы заң жобасы қаралды

139 рет
көрсетілді

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Сенатор Ерік Сұлтанов заң жобасы мемлекеттік электр энергетикасының тұрақты және орнықты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін және еліміздің сыртқы қуат көздеріне тәуелділігін азайтатынын айтты. Сенатор сондай-ақ заң жобасының жаңа тұжырымдамасы жаңартылатын энергетика саласындағы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра отырып, сол арқылы маневрлі үдету объектілерінің құрылысы үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын және электр энергиясын тұтынуды реттейтінін атап өтті.

«Заң жобасында маневрлі электр станцияларын салатын инвесторлар үшін бірыңғай сатып алушымен қуатты сатып алу бойынша 15 жылдық шарт жасасу кепілдендірілгендігін айтқым келеді. Ол ынталандыру жұмсалған қаржыны кепілдендірілген түрде инвесторларға қайтаруға мүмкіндік береді», - деді депутат Ерік Сұлтанов.

Сенатор Ерік Сұлтанов заң жобасы қабылданғанда еліміздің энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясынан келетін транзит электр энергиясын қысқарту есебінен тәуелсіз болып, электр энергиясына тарифтер төмендейтінін айтты.