• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қараша, 2020

Левандовски үздік деп танылды

193 рет
көрсетілді

World Football Summit және Испанияның AS басылымы 2020 жылдың ең үздік футболшысы деп Польшаның ұлттық құрамасы мен Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовскиді таныды, - деп хабарлайды Egemen.kz

32 жастағы Роберт Польшаның астанасы – Варшаваның тумасы. Өз еліндегі бірқатар клубтарда шеберлігін шыңдағаннан кейін 2010 жылы Дортмундтың «Боруссиясына» ауысты. Төрт жыл сол командада өнер көрсеткеннен кейін «Баварияға» ауысты. Қос клубтың сапында да ол бірнеше рет Германия чемпионы, кубок пен суперкубоктың иегері атанды. Мюнхендіктермен бірге Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогын олжалады. Түрлі аталымдар бойынша көптеген жүлделерді де иеленді.

2019 жылы 20 маусымда 47 рет жасыл алаңға шыққан Левандовски 55 мәрте нысананы дәл көздеді. Биылғы жылы «Баварияның» сапында 11 кездесу өткізіп, 13 рет мергендік танытты.

Роберт Левандовски 2008 жылдан бері Польшаның ұлттық құрамасының намысын қорғауда. Сол аралықта 115 мәрте жасыл алаңға шығып, 63 голдың авторы атанды. Қазіргі кезде оның трансферлік құны 60 миллион евроны құрап отыр.