• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қараша, 2020

Ертеректегі елорда

133 рет
көрсетілді

Біраздан бері Ұлттық музейіміздегі құнды жәдігерлерімізді көзіқарақты оқырманға аталған мұражайдың «Бір туынды тарихы» жобасы аясында таныстырып келеміз. Бүгінгі таңдап алынған туынды сонау кеңестік кезеңдегі елорда келбетінен сыр шертеді. Кескіндеменің авторы – қазақстандық суретші Виктор Федорович Холуев.

Қазірде төбесі көк тіреген көпқабатты үйлері жоқ бұл қай астана дерсіз? Алайда осынау көрініс шаһардың байырғы тұрғындарына хрущевтік жылымық, алғашқы тың игерушілер келіп жатқан ескі Целиноградты еріксіз естеріне түсіретіні анық. Жалпы автор В.Холуевтің өзі осы қалада еңбек еткенін, біраз жыл шығармашылықпен айна­лысқанын көбіміз біле бермейміз.  И.Репин атын­дағы Ленинград көркемсурет, мүсін және сәулет институтының түлегі 1961 жылы Целино­градқа комсомолдық жолдамамен келеді. «Алғашқы қар. Целиноград» атты қала пейзажын ұсынуымыздың тағы бір себебі, кешелі бері Арқа атырабына келіп жеткен қыстың қызықтары да осы суретпен іштей үндесіп жатқандай адамды ерекше әсерге бөлейді.

Жалпы суретші картинасында бейнеленгендей кішкентай қаладағы тыныштық пен жайлы атмосфераны сезінбеу мүмкін емес. Қазірде қайнаған тіршілік ортасына айналған бас қаланың бір кез­дері осындай бұйығы да біртоға тыныш мекен бол­ғанына біртүрлі сенбейтіндейміз бе, қалай?