Ағымдағы жылдың қарашасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Dostyk Transportation & Logistics» ЖШС арасында Достық станциясында терминал салу бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ терминалдар салу бойынша Достық станциясын дамыту шеңберіндегі төртінші жобасы.
Терминалды 2022 жылы іске қосу жоспарланса, онда 1 млн. тоннадан астам үйелмелі жүктерді өңдеу мен 100 мың контейнерге дейін ауыстырып тиеу қуаты құрылатын болады. Терминал құрылысы учаскесінің жалпы алаңы 8,5 га.
Келісімге қол қою әсіресе контейнерлік тасымалдың қарқынды дамыған жағдайында Достық станциясы арқылы көліктік бағыттың бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал ететін болады.