• RUB:
    5.21
  • USD:
    476.81
  • EUR:
    528.4
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қараша, 2020

"Барыс" "Металлургке" есе жіберді

154 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Нұр-Сұлтанның "Барысы" Магнитогорскінің клубын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті жанкүйерлер өз жерлестерінен жеңіс күткен еді. Өкінішке қарай, бұл жолы да "Барыстың" бағы жанбады. Өте шиеленісті өткен кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Юрий Михайлистің шәкірттері қарқынын күрт күшейтті. Нәтижесінде Даррен Диц пен Роман Старченко ұйымдастырған шабуылдан соң Филип Вароне айдын иелерін алға шығарды. Бірақ бұл есепті біздің жігіттер ұзақ ұстап тұра алмады. Үшінші кезең басталған бетте Николай Прохоркин таразы басын теңестірді. Одан кейін негізгі уақытта да, овертаймда да еш нәрсе өзгерген жоқ. Ал буллит соғу барысында "Металлургтің" мерейі үстем болды. Қорытынды есеп – 1:2.

Осы күнге дейін 23 кездесу өткізген "Барыс" 25 ұпайды еншілеп, тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 16 орында келеді. Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз 19 қарашада Нұр-Сұлтанда Омбының "Авангардына" қарсы өткізеді.