• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қараша, 2020

«Пеленің күні»

269 рет
көрсетілді

Осыдан дәл 51 жыл бұрын, яғни 1969 жылдың 19 қара­ша­сында Бразилияның даңқты футболшысы Пеле өзінің спорт­тық карьерасындағы 1 000-шы голын соқты.

Дәл сол күні әйгілі «Маракана» стадионында «Сантос» пен «Васко да Гама» кездесті. Екі команда да бұл матчқа өте жақсы дайындықпен келді. Көпшілік күткендей, аса шиеленісті өткен бәсекеде таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрды. Есеп – 1:1. Ойынның 73-минутында «Васко да Гаманың» қорғаушылары өздерінің айып алаңында Клодоалдоны шалып жықты. Төреші еш кідірместен 11 метрлік нүктені меңзеді. Қарсы жақ наразылық білдіргенімен, қазы өз шешімін өзгерткен жоқ. Нүктеге Пеле келді. Ол оң бұрышты нысанаға алды. Қақпашы доптың бағытын дәл тапқанымен, оны кері қайтара алмады.

Сөйтіп, футбол королі 29 жасында өзінің 1 000-шы голын соқты. Бұл күн «Пеленің күні» деген атаумен тарихта қалды.