• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қараша, 2020

Күрес: 97 кило салмақта Әлішер Ерғалиға тең келер ешкім табылмады

178 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 97 кило салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл салмақта Әлішер Ерғалиға тең келер ешкім табылмады. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегерлер қатарынан көрінген Жамбыл облысының өкілі былтыр ересектердің Азия чемпионатында күміс медаль алып, өз жанкүйерлерін бір қуантқан еді. Іле-шала Циолковскийдің мемориалында бас жүлдені қанжығасына байлады. Күзде Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреді. Міне, енді Әлішер Қазақстан чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. 19 жастағы балуан үшін бұл тамаша нәтиже екені сөзсіз.

Бұл жарыста күміс медальді қарағандылық Серік Бақытханов иеленсе, қызылордалық Бекзат Тәжі мен талдықорғандық Абылай Совет қола медальдарды мойындарына ілді.