Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының соңғы күніннде жүлделі орындар үшін таласатын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
74 кило салмақтың бас жүлдесі үшін Солтүстік Казақстан облысының өкілі Нұрқожа Қайпанов пен Сыр бойының сайыпқыраны Қанат Мұсабеков таласады. 79 кило салмақтағы финалдық сайыс қызылордалық Ғалымжан Өсербаев пен талдықорғандық Рүстем Мырзағалиев арасында өтеді.
92 кило салмақтың шешуші бәсекесінде маңғыстаулық Елхан Асадов пен Нұр-Сұлтанның балуаны Ералы Абдрашев күш сынасады. 125 килосалмақтың үздігі павлодарлық Дәулет Шабанбай пен Шығыс Қазақстан облысынан келген Олег Болтин арасындағы тартыста анықталады.