• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қараша, 2020

Күрес: 74 кило салмақта Нұрқожа Қайпановтың бағы жанды

463 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының соңғы күніннде жүлделі орындар үшін таласатын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

74 кило салмақтың негізгі фавориттері үшеу еді. Олар – Нұрлан Бекжанов, Нұрқожа Қайпанов және Данияр Қайсанов. Үшеуі де әлем чемпионатының жүлдегері атанған апайтөстер. Нұрлан бұл атаққа 2016 жылы Будапеште қол жеткізді.

2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен додада Нұрқожа күміс алса, Данияр қола медальді мойнына ілді. Бірақ ол кезде Қайпанов 70 кило салмақта күрескен еді. Одан бөлек, есімдері аталған өрендердің барлығы да құрлықтық деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқырады. Бірақ алғашқы айналымнан кейін Қайсанов жарысты жалғастырудан бас тартты. Себебі, бірнеше күн бойы оның белі ауырып, мазасызданған екен. Содан жарақатын асқындырып алмайын деп, осындай шешім қабылдады.

Осы жағдайды Нұрқожа Қайпанов ұтымды пайдаланды. Қарсыластарының барлығын қапы қалдырған Солтүстік Казақстан облысының өкілі финалда қызылордалық Қанат Мұсабековті ұтып, алтын түғырға көтерілді. Нұр-Сұлтандық Нұрлан Бекжанов пен алматылық Дархан Есенғали үшінші сатыларға жайғасты.