Еркін күрестен Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 79 кило салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
79 кило салмақтың фавориті 32 жастағы Ғалымжан Үсербаевті тұғырдан тайдыру үшін бұл жарыста жалынды жастар барын салды. Алайда Олимпия ойындары мен әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреп, бірқатар халықаралық додаларда жүлдегерлер санатына қосылған Сыр бойының саңлағы ешкімге ондай мүмкіндік бермеді.
Нәтижесінде финалда талдықорғандық Рүстем Мырзағалиевтан мерейі үстем болған Ғалымжан бесінші рет чемпиондық атақты иеленді. Ақтөбелік Айдар Балданбаев пен пен атыраулық Болат Сакаев қола медальдарды еншіледі.