• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Бизнес 23 Қараша, 2020

Алматылық кәсіпкерлер алаңдаулы

81 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы өнеркәсіп орындарының басшылары пандемияға байланысты қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіру туралы талапқа алаңдаулы.

Бұл туралы олар Алматы қа­ла­сының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жергілікті кә­сіп­кер­лер пала­тасының алаңында өндіріс­тік ком­па­ния­лардың кәсіпкер­лерімен кез­десуі барысында айтты. Кәсіпкерлер сұ­рақ­тарды тікелей қойып, қаулылардың талаптарын орындау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

– Машина жасау кәсіпорындарының басшылары мәселелерге өте байсалды және дұрыс қарайды. Сонымен қатар өз әріптестерінің жұмысын сақтау үшін күреседі. Бүгін бізде бір маңызды мәселе бар: сіздің соңғы құжаттарыңызда алдымен штат санының 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, кейін 50%-ға дейін көтеру туралы айтылды. Біздің сала – ауыр өнеркәсіп. Біз үшін 30% – мүмкін емес көрсеткіш, кеңсе қызметкерлерінің 10%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауда­ра аламыз және солай істейміз. Бірақ өте қиын. Мұны өнеркәсіптік кәсіп­орын­дарға қатысты ескеруіңізді сұ­раймыз. Қалғанының бәріне дайынбыз, көмектесуге де  дайынбыз, барлық та­лап­тардың сақталуын қамтамасыз ететін боламыз, – деді Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының мүшесі Павел Беклемишев.

Жандарбек Бекшин қашықтан жұ­мыс істеу форматы кәсіпорындағы қыз­мет­кер­лердің шоғырлануын азайтуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлікті, әсіресе қарбалас уақытта, бәсең­де­туге де мүмкіндік беретінін атап өтті. Өнер­кәсіп кәсіпорындарына келетін бол­сақ, әкімшілік қызметкерлер мен үйден жұмыс істей алатындардың барлығын қа­шықтан жұмыс істеуге ауыстыру қа­жет.