• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қараша, 2020

"Салават Юлаев" сан соқтырды

153 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның "Барысы" Уфада жергілікті "Салават Юлаевқа" қарсы өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Соңғы кездері жеңілістен бас көтермей жүрген жерлестеріміз осы жолы алғашқы болып гол соққанда қатты қуанған едік. 8-минутта Роман Старченко нысананы дәл көздеді. Сол сәтте сәтсіздіктің сеңі сейілетін шығар деп үміттендік. Бірақ көп кешікпей қуанышымыз су сепкендей басылды. Содан кейін тек "Салават Юлаевтың" ойыншылары ғана атой салды. Атап айтсақ, 13-минутта Теему Хартикайнен таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Дмитрий Кугрышев (27-минут) пен Александр Кадейкин (33-минут) қатарынан екі шайбаны қақпаға енгізді. Үшінші кезеңде Михаил Воробьев (49-минут) бәсекенің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 4:1.

Қатарынан төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татқан "Барыстың" қоржынында 25 ұпай бар. Қазіргі кезде жерлестеріміз Шығыс конференциясының жарыс кестесінде небары тоғызыншы орынды қанағат тұтуда.