• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Әскери форма сатумен айналысатын сауда орындары тексерілуде

504 рет
көрсетілді

Қалалық тәртіп көтерме және бөлшек сауда арқылы полицияның формалық жарақтарын сату нүктелерінде арнайы рейдттік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бүгінгі таңда, заңсыз полиция формасын кию және саудалау, пайдалану фактілерінің көбейіп отырғанына байланысты арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізу керек болып отыр. Заң бойынша мұндай формаларды сатумен айналысатын саудагер тұтынушыдан қызметтік куәлігін талап етуі тиіс. Алайда саудагерлер бұған көз жұма қарайтыны белгілі. Тәртіп сақшысының формалық киімін кез-келген қылмысқа ниетті адам немесе қылмыскерлер оп-оңай сатып алуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағадайлар өте жиі кездеседі. Тұтынушының өтініші бойынша саудагерлер оларға керек полицияның киім үлгісін, әскери шенін, ерекше белгілерін дайындап бере алатындықтары бірнеше рет жүргізілген жасырын тексеру барысында анықталып отыр, – деп атап көрсетті Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат Ниязбеков.