• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қараша, 2020

Елордалық әйелдер құрамасы үш алтын жүлдеге қол жеткізді

159 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық қыздар топ жарып, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

59 келіде сынға түскен Диана Каюмова шешуші кезеңде Шымкент қаласының спортшысы Гүлшарат Таласовадан басым түссе, 57 келіде Эмма Тисина шымкенттік Алтынай Сатылғанды айқын басымдылықпен ұтты.  Өз кезегінде Светлана Анкичева да қарсылас шақ келтірмеді. 50 келіде кілемге шыққан спортшымыз Маңғыстау спортшысы Марал Танирбергенованы ұтып, қоржынға тағы бір алтынды салды.

Осылайша елордалық спортшылар бұл жарысты үш алтынмен қорытындылады.