Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бес салмақ дәрежесі бойынша финалға шыққан балуандар толықтай белгілі болды. Финалдық сайыстар мына балуандар арасында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
55 кило – Қорлан Жақанша (Алматы) – Жансерік Сәрсенбиев (Жамбыл).
63 кило – Бағлан Жақанша (Алматы) – Сұлтан Әсетұлы (Жамбыл)
72 келі – Азат Садықов (Алматы) – Қаһарман Қисметов (Атырау).
82 кило – Мирас Баршылықов (Қостанай) – Шәміл Батыров (Шымкент.
97 кило – Ерұлан Ысқақов (Қарағанды) – Олжас Сырлыбай (Қызылорда)
Осы салмақ дәрежелері бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 қарашада кешкісін анықталады.