• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қараша, 2020

Небраска назарында – Қазақстан

72 рет
көрсетілді

Global AgConnect ірі онлайн іс-шарасы барысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараны Небраска штатының (АҚШ) Экономикалық даму департаменті және Valley Irrigation компаниясы ұйымдастырды.

Кездесуге Valley Irrigation, Tyson Foods, Kusto Group, Global Beef Consultants және тағы басқа бірқатар ірі америкалық компа­нияның өкілдері қатысты.

«Қазақстан –  назарда» сессия­сы аясында Қазақстан Республи­касының АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов құттықтау сөз сөйледі. Спикер форумға қатысушылар­ға табыс тілеп, Небраска штаты мен Қазақстан арасындағы қар­қынды дамып келе жатқан бай­ланыстардың одан әрі дамуына және екі ел арасындағы екіжақты өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі жақсаратынына сенім білдірді.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның АҚШ-тағы шетелдік өкілі Ғалымжан Матаев өз сөзін­де агро­өнеркәсіптік кешен саласын­да инвестициялау үшін инвес­ти­ция­лық мүмкіндіктер мен перспек­тивалық жобаларды таныстырды.

«Біз үшін басымдық ауыл шаруашылығы шикізатын: ет пен сүтті, картопты, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістер­ді, көкөністерді қайта өңдеуге шетел­дік инвесторларды тарту болып табылады. Қайта өңдеу сек­торынан басқа, Қазақстан жылыжай шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бұл экспорттық бағыт ретінде де, маусымнан тыс уақыт­та халықтың ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысынан да қы­зықты. Инвесторларды тар­гет­теу кезінде, бірінші кезекте, біз өн­ді­ріс­тің технологиялылығына және клас­терлік даму перспек­тива­­сына назар аударамыз. Ірі ком­пания­ларды тарту-бұл тікелей шетел­дік инвестицияларды тарту ғана емес, сонымен қатар техно­логиялар мен басқарушылық тәжі­рибе трансфері, еңбек өнімділігінің өсуі, шетелдік нарықтарға шығу және қосылған құнның жаһан­дық тізбегіне ену», – деп атап өтті Ғ.Матаев.

Өз кезегінде, Tyson Foods және Kusto Group компанияларының өкіл­дері қазақстандық АӨК сек­торының даму мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтып, Қазақстандағы жеке жұ­мыс тәжірибесімен бөлісті. Олар­дың айтуынша, Қазақстан агро­өнер­кәсіптік секторды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие, оның ішін­де мал шаруашылығы, өсімдік ша­руа­­­шылығы, ирригация және тағы бас­қа салаларда бизнес жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Іс-шара қорытындысы бойын­ша қатысушылар аталған форум екі елдің бизнес өкілдері арасындағы өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.