• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Қараша, 2020

«Әлеуметтік кодекс» жобасының тұжырымдамасы талқыланды

149 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Динар Нөкетаева палата жанынан құрылған Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Онда Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы кеңінен талқыланды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір «Әлеуметтік кодекстің» жобасы әзір­леніп жатыр. Заң жобасын дайындау кезін­де біз сарапшылардың пікірін ескеруі­міз керек. Сондай-ақ әлеуметтік саясат­тың бар­лық мәселелерін егжей-тегжейлі қарас­тырып, нормативтік құқықтық актілерді бір кодекс­те жүйелеу қажет. Бұл, ең алдымен, азамат­тары­мыз үшін қолайлы», деді Нариман Төреғалиев.

Депутаттар мен сарапшылар «Әлеумет­тік кодексте» зейнетақымен қамсыздан­­дыру, әлеуметтік көмек пен сақтандыру, әлеу­меттік кепілдіктерді, сондай-ақ мини­мал­ды әлеуметтік стандарттар мен әлеумет­тік тәуекелдерді басқару және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастардың кең спектрі қамтылуы керек деп есептейді.

«Бұл құжат ең төменгі жалақы, күнкөріс мини­мумі, кедейлік шегі енетін, оларды қалып­т­ас­тыру тетіктері айқын және халыққа түсінікті болатын әлеуметтік стандарттарға негізделуі керек», дейді экономист Асқар Қысықов.

Сонымен қатар Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері «Әлеуметтік кодексте» қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бала құқық­тарын қорғаудың шаралары белгіленіп, қайы­рымдылық, еріктілер және әлеуметтік кәсіп­кер­лік мәселелері ескерілуі керек деген пікір қосты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.