• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қараша, 2020

Күрестен 77 кило салмақта Демеу Жадыраев дара шықты

117 рет
көрсетілді

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен өткен Қазақстан чемпионатында 77 кило салмақта "нағыз жан алысып, жан беріскен" бәсекелердің куәсі болдық, деп хабарлайды Egemen.kz.

77 кило салмақта бас жүлде үшін тартыс Алматы облысының қос саңлағы – Асхат Ділмұхамедов пен Демеу Жадыраевтың арасында өтті. Бұл бәсекені барша мамандар тапжылмай тамашалады. Біраз жылдан бері осы салмақтың тізгіні Асхаттың қолында. Оның Азия чемпионы және сол жарыстың үш дүркін жүлдегері деген атақтары бар. Әлемдік додаларда Ділмұхамедов жеңіс тұғырына сынық сүйем қалғанда ғана сүрініп жүр.

Демеу 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Құрлықтың басты додасында екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ бұл атақтарға ол сәл жеңіл салмақтарда қол жеткізді.

Соған қарамастан Жадыраев Алматыдағы жарыста өзін жақсы қырынан көрсетті. Финалда Асхаттан 7:3 есебімен айласын асырған Демеу ел чемпионы атанды. Азия чемпиондары Максат Ережепов пен Темірлан Шадукаев қола медальді қоржындарына салды.