Араға айтарлықтай үзіліс салып барып, бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдері зарыға күткен онлайн-брифингте төмендегідей мәліметтермен бөлісті.
– Бүгінгі таңда, біздің Алматыда індеттің өсуі қарқыны эпидемиялық ахуалды нашарлатып отыр. Жыл басынан бері аумақта коронавирустық инфекцияның 15876 жағдайы және 1140 этиологиясы анықталмаған пневмония тіркелді, бұл сары аймақтан шығуға мүмкіндік берді, – дейді Жандарбек Бекшин.
Осыған қарамастан, эпидемиялық ахуалдың нашарлауы байқалады. 26 қарашадағы жағдайға сәйкес, Алмалы және Бостандық аудандары сары белдеуде (слайд) аурушаңдық деңгейі сәйкесінше 28,5 және 29,4, Rt индикаторы екі ауданда 1,1-ге тең. Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирустық инфекцияның жиілігі бойынша «қауіпті» аймақта. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады.
Алматыда КВИ қазан айында қайта бас көтеріп, 366 КВИ оқиғасы тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 КВИ жағдайы). Биылғы 26 қарашадағы соңғы мәліметтер 1122 КВИ жағдайы тіркелгенін дәйектеп, қыркүйекпен салыстырғанда ауру 7 есеге өсті. Әрбір КВИ эпидемиологиялық тергеуінде КВИ жағдайларының келесі жұқтыру орындары анықталды:
Қоғамдық орындар (түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар) – 33,7%
Үйде жұқтырғандар – 28,7%
қалалық көлік – 18,5%
жұмыс орнында жұқтырғандар – 13,1%
Шет елдерден індет алып келгендер – 3,5%
2,1% жағдайы анықталмаған.
КВИ-мен ауыратын науқастардың жас топтары арасында белсенді жас 20-39 жас аралығындағылар, бұл жоғарыда аталған мекемелерге баратын жастар, демек жұмысқа барар жолда, қоғамдық орындарда болғанда инфекцияны жұқтырып үйге алып келгендер.
АЛМАТЫ