• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Желтоқсан, 2020

Абайды сомдаған актерлер

4208 рет
көрсетілді

Ұлы Абайдың әдеби мұрасымен қалың қазақ хакім заманында-ақ таныс болғанымен, кемеңгер тұлғаның даналық болмысы һәм жалпы әдеби туындыларына келелі зерттеулер өткен ғасырдың 40 жылдарынан бастап көркем-әдеби бейнеде жарқын насихаттала бастады. Сондай іргелі зерттеу, жанды жаңалықтың бірі – 1940 жылдың 20 қазанында М.Әуезов пен Л.Соболевтің бірігіп жазған «Абай» трагедиясының сахнаға шығуы.

Қазақтың тұңғыш кәсіби ре­жиссері Асқар Тоқпановтың қол­таңбасында көрерменімен қа­уышқан қойылым биыл тари­хына тура 80 жыл толтырып отыр. Театр тарихындағы елеу­лі оқиғаның бас ақынның 175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де кездейсоқтық бол­маса керек. Осыған орай қа­зақ сахнасына Абай бейнесін шы­ғарған актерлердің өнеріне шо­лу жасап, әртістердің хакім та­би­ғатын сараптаудағы өзіндік ерекшеліктерін екшеп көргіміз келді.

«Тарихта ізі қалған дара тұл­ғалармен кездесудің киелі орны − театр сахнасы» деп сөз зергері Ғабит Мүсірепов айтып кеткендей, біз ұлы Абай бейнесімен театр сахнасында сан мәрте жо­лықтық. Әйтсе де алғашқының орны бәрібір айрықша. Себебі ол ең әуелі тұңғыш болып тарихқа енуімен құнды. Қазақ театр тарихында Абай бейнесін алғаш сахнаға шығарған актер ретінде Қалибек Қуанышбаевтың есімі айрықша аталады. Өйткені Қа­ли­бектің Абайы – дара Абай. Айтулы қойылымның режиссері Асқар Тоқпановтың: «Қалибек­тен кейін Абайды талай дарынды актерлеріміз ойнады, бірақ Қалибек – Абай біреу-ақ! Ол – Хантәңірінің биік шоқысында оқ­шау тұрған бейне!» деп тамса­­на таңдай қағуы соның айғағы.

Әлбетте, бұл – қойылым жа­рыққа шығып, көрермен та­ра­пынан жоғары бағаға ие бол­ғаннан кейінгі айтылған пікір. Ал алғашқы «Абай» сахна көр­ген­ге дейінгі шығармашылық ұжым­ның, оның ішінде режиссер мен бас­ты рөлдегі актердің ұлы тұлға жайындағы спектакльдің сапалы шығуы жолындағы төккен тері өлшеусіз. Абай бейнесін тұңғыш рет сахнада жасау, ойдағыдай шығару – халық қиялына сіңген ұлы адамның жарқын тұлғасын қайта туғызу Абай рөліндегі Қа­либек Қуанышбаевқа да, өмірлік шығармашылық тәжірибесі аз сол кездегі жас режиссер Асқар Тоқпановқа да оңай тиген жоқ. Өйткені бұл «Абайдың» көзі қа­рақты талғампаз көрерменнен бө­лек, қатал да талапшыл тағы бір сыншысы болды. Ол – әйгілі трагедияның авторы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді.

...«Репетиция басталып кет­ті. Айдар мен Ажарды байлау сах­насынан бастап ойға шомып тұрған Абайға Оразбайдың: «Аруақ бары рас болса, қанат-құй­рығыңды отармын сенің!» – де­ген тұсына дейін үні шықпай отырған автор, Абайдың: «Сен не дейсің?» деген жерінде атып тұрып, жүгіріп бірінші қатарға жетіп кеп:

– Ей, Қалибек, «сен не дей­сің?» дегенді айта алмайсың ғой... Тілің күрмеледі ғой... Осы күн­ге дейін бір ауыз сөзін айта ал­майсың. Сенен қалай Абай шы­ғады? «Сен не дейсіңде» бү­кіл Абай бейнесінің кілті тұр. Осы бір ауыз сөзінде күйіну де, тү­ңілу де, тебірену де, таңдану да, тағысын-тағы толып жатқан көп астарлы сыр жатыр. Ал сенің «не дейсіңіңде» жалаң қабат, жай адамның айтатын, онда да тұтықпа жабының үні ғана бар. Пәлі, сендердей актері бар, мынадай (мені нұсқап) режиссері бар мен бақытсызбын. «Абай» трагедиясы – симфония, ал симфонияны балалайкамен ойнаса не болар еді? Сендер балалайкашысыңдар, – деп, Қалибекті де, мені де, бүкіл коллективті де қатты мұқатып, кү­дер үзе, автор Семейге жүріп кет­ті», – деп еске алады сол сәт­ті қойылым режиссері Асқар Тоқ­панов.

Бұл мысалға қарап отырып Әуезовтің қандай Абайды көргісі келгенін, қандай биік талаптар қоятынын қапысыз аңғарамыз. Әлбетте, осы бір қатал сыннан ке­йін режиссерге де, актерге де тез арада жиналуға, тек сыртқы бейне емес, ішкі тереңдік, тіпті тіл ұстарту мәселесіне де дендеп дайындалуға тура келді. Ма­шақатқа толы мұндай күндерді ре­жиссер Асқар Тоқпанов өз ес­телігінде былай сөйлетеді: «Қа­либек Қуанышбаев Абайдың әр сөзіне қуанады да, сүйінеді де, кү­йінеді де, бірақ Абайға тән қуа­ныш, сүйініш, күйініш жоқ. Қинала, тебірене ізденуде болдық. Бір күні маған мынадай ой келді: «Абайдың портреттік гримін жа­­­сатайын, мүмкін Қалибек өзі­­нен шыға алмай жүрген болар. Марқұм Сергей Иванович Гусь­ковты шақырып алып:

– Қымбатты Сергей Ивано­вич, Абайдың портреттік гримін іздеп көрейікші, – дегенде, ол кісі: – Мақұл, бірақ актер, өзің, мен – үшеуіміз ғана боламыз. Басқа адам бөгет жасамайды, – деді. Сергей Иванович үш кісі әрең сиятын тар гримдеу бөл­месінде отырып, Абайдың бел­гілі суретін салып, гримді бас­тады. Паригін кигізіп, кең маң­дай, екі жағы тең әдемі қасын, сүйкімді, қою да емес, селдір де емес сақал мен мұрт орнатқанда, Қалибектен жұрнақ та қалмай, дәл алдында тірі Абай отырғандай болды. Қарасы да, тыңдасы да, тұрысы да, отырысы да – бәрі-бәрі Абай болып шыға келді. Ал Абай гримімен актерлерге кел­генде, бәрінің көзқарастары, бағалаулары мүлде өзгеріп кетті. Үлкенді-кішілі − бәрі-бәрі ибадатпен, құрметпен қарсы алысты. Тірі Абайды көргендей болып, ардақтап, бас ие қабылдады». Тіпті Абай бейнесіндегі Қалибек Қуанышбаевты көріп ұлы Мұхтар Әуезовтің өзі риза болып: «Пәлі, жаман Қалибектен жап-жақсы Абай туыпты» – деп сәбише қуа­натын сәті де осы кез.

Асқар Тоқпановтың естелігіне сүйеніп, бұл мысалды бекер кел­тіріп отырған жоқпыз. Өйтке­ні Абай рөліне актер таңдаудың да әу бастағы машақаты мол бол­ған. Автордан бастап, театрдағы әріптестері сенімсіздікпен қара­ған. Тек режиссердің қолдауы­мен үлкен тәуекелге барған Қаллеки – Қалибек Қуанышбаевтың жаңа қойылымға дайындық жүрген 6 ай уақытта көрмеген қиындығы жоқ. Әйтсе де өнер жанкештілік­ті талап етеді. Сол қасиетінің ар­қасында Қалибек Қуанышбаев қазақ өнеріндегі шоқтығы биік тұлғаға айналды.

«Театр коллективінде Абайды орындайтын ол кезде даяр тұрған актер де жоқ еді. Мұндай бейнені кім жасамақ? Кімнің қабілеті жетеді? Мұхтардың өзі де Абайға лайық актер таба алмай: «...Әттең, актер Свердлин қазақша білсе, нағыз Абайдың бейнесін жасай алар еді-ау!..» деп ішкі арманын аһ ұра айтып салған-ды. Мен Абайды Қалибекке бердім дегенімде, тіпті актерлер де сенген жоқ. Оны мен Шәкен (Айманов) мен Қапанның (Бадыров): «Тоғызыншы дублер болсақ та Абайды ойнаймыз...» деген тілектерінен аңғардым. Ал сол кезде театрдың белді ак­тері саналып жүрген Елубай Өмір­зақов (Отелло, Жантас, Амангелді бейнелерін жасаған. – авт.) менің «Абайды қоюыма әу бастан қарсы болды. Әрі Елубайдың табиғаты Абайға келмес те еді. Трагедияда ойнау үшін ең алдымен актердің даусы және сөз аппараты жақсы болуы керек. Оның үстіне тра­гедиялық қызуқандылық қажет. Әрбір дарынды актер трагик бола бермейді. Сонымен коллективте бір ғана әртіс үміт сәулесін береді. Ол – Қалибек Қуанышбаев».

Бұл – қазақтың тұңғыш кә­сіби режиссері Асқар Тоқпа­нов­тың Абай бейнесін сах­на­ға шығару барысындағы шы­ғар­машылық ұжымға үлкен са­бақ болған, жігерін жаныған тарихи сәтті суреттеген естелігі. Осы оқиғадан кейін бар күш-мүмкіндігін жұмылдырған теа­­­тр ұжымы 1940 жылдың 20 қазанында сахнаға ұлы Абай бейнесін өз биігінде шығарды. Автордың да, сыншылардың да аса жоғары бағасына ие болып, спектакль театр әлемінде шын мәніндегі үлкен оқиғаға айналды. Театр зерттеушісі Н.Львов өзінің «Казахский академический театр драмы» еңбегінде актер Қ.Қуанышбаев сомдаған Абай бейнесі туралы былай деп жазды: «Қ.Қуанышбаев ойыны рөлге берілудің ғаламат мы­салындай болып, ақынның іш­кі жан дүниесін ашуда үлкен ак­терлік күш пен тегеуріндік көр­сетті, Абайдың маңайына жи­налған шәкірттеріне деген ұла­ғат­ты ұстаздығының шегі жоқ тек­тілігін білдірді. Ал шығыс ел­­­дерінің ұстаздық мектебінің сү­йе­гі шешендікпен түп-тамырлас еке­­ні бесенеден белгілі».

Тоқпанов пен Қуанышбаев­тың тамаша тандемінен кейін араға тура 22 жыл салып «Абай­ға» сол кездегі реформатор режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қайта оралды. Бұл жолы сахнада Абай болып өмір сүру бақыты Ыдырыс Ноғайбаев пен Мүлік Сүртібаевқа бұйырды. Осылай­ша 1962 жылы Абай бейнесі екін­ші мәрте сахнаға жол тартты. Ұлы әртіс Қ.Қуанышбаевтың кеңесіне сүйене отырып, талант­ты режиссер Әзірбайжан Мәм­бетовтің шарттылық түрін қа­таң ұстанған, яғни тұрмыс-салт­тық белгілерінен аулақ тартып, трагедиялық, романтикалық әсер­ді күшейту тәсілін нысанаға алған жаңаша режиссурасына лайық­ты әрекет жасау актерлерге жауапты міндет жүктеді. Сол тарихи сәт­ті көзімен көрген, актерлер ойы­нына куә болған театр маман­дары – сыншылар пікіріне ден қойсақ, Қалибек Қуанышбаев сом­даған Абай – ұстамды, сал­мақты, данышпан Абай болса, Ыдырыс Ноғайбаев бейнелеген Абай – күрескер, жалынды, қай­ратты Абай болған деген салыстырмалы сараптамалық пі­кірлерге кезігеміз. Оның бір айқын дәлелі белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай «Сахна әлемі» кітабында: «Сыншы Қажықұмар Қуандықов ағамыз «Абай рөлінде Ыдырыс Ноғайбаев ойнайды дегенді естігенімізде, көңілімізде зор күдік туды. Бұл күдік, сенім­сіздіктің өзі Ыдырысты бұрын Көтібар, Есен сияқты албырт, даң­ғаза батырлар рөлінде көріп, көз үйреніп қалғандығында еді. Актердің қатқыл шығатын зор дауысы, батырларға жарасты бат­пан қимылы, сөйлеу мәнері ақын рөлінде қандай өзгеріс та­бар деген күдік еді» десе, театр сыны саласының негізін қа­лау­­­­шы Қажықұмар Қуандықов «Тұң­­­­ғыш ұлт театры» еңбегінде: «Спек­такльді алғаш көргенде, бұл күдік біраз сейілді. Қайталап көр­ген кезімізде, Абай – Ыдырыс ойы­нынан ұнамдылық таптық, ақын тұлғасының жаңа қырларын көр­гендей болдық», – дей келе сын­шы ойын әрі қарай былай жал­ғастырады: «Актердің оқиға тра­гедиясын, айналасындағы адам­дардың мінез, қылығын, көңіл күйлерін сезінуі әлі де жүрек те­бірентерліктей әсерлі еместігі ақын­ның толғаныс солғындығы ес­керіледі. Ы.Ноғайбаев ойы­нындағы Абай бойындағы аталық махаббат, ауыр қазалар үстіндегі қайғы-шер жазушы суреттеген дәрежеден төмен жатады. Ойы­нында айғай басым болып кететін сәттер бар. Абайдың өз басы, туыс-достары, әкесі Құнанбай да даңғазалықты қатты мінеп, одан шытынып отыратын жандар бол­ған. Жалпы, бұл спектакль рухына шу – жат» – дейді.

Жалпы, бұл кезеңде Ыдырыс Ноғайбаевпен бірге айтулы рөлді Мү­лік Сүртібаев та екі құрамда қатар ойнады. Әйтсе де сыншылар көзіне түсіп, пікіріне арқау болып, күрескерлік тұлғасымен көп көңіліне ой салғаны – Ыды­рыс Ноғайбаев ойыны. Абай әле­міне бастаған Қалибек Қуа­нышбаев салған сара жолды Қа­пан Бадыров, Ыдырыс Ноғай­баев, Мүлік Сүртібаевтар сәтті жалғаса, бүгінгі таңда Абай бей­несі Тілектес Мейрамов, Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Азамат Сатыбалды, Нұркен Өтеуілов із­де­ністерімен іргелі ізін үзбей, кө­­рерменін ұлы ақын бейнесімен оқ­тын-оқтын қауыштырып келеді.

Күні бүгінге дейін Абай бей­несін Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Болат Әбділманов ­ойынында танып, біліп қалған кө­рермен, кейінгі кезде ұлы ақын бей­несіндегі тағы бір тамаша актермен қауышты. Ол – елордалық Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Нұркен Өтеуіловтің сомда­уын­дағы Абай бейнесі.

Сөзіміздің басында айтып өт­кеніміздей, сахна өнерінде Қа­либек Қуанышбаев шыққан ең биік шың – Абай рөлі десек, бүгінде сол биікті бағындыруда Нұркен Өтеуілов жемісті еңбек етіп жүр. Абай – қалпақпен қа­ғып алатын, жүрдім-бардым қарай­тын кезекші рөл емес, күрделі бейне. Алып бейнесін шығару ак­терден ішкі зиялылық пен те­р­ең­дікті талап етеді. Үздіксіз із­деніске жетелейді. «Мыңмен жал­ғыз алысқан» ақын бейнесінің сах­нагерге артар зіл батпан ауырт­палығы да, ешбір атақпен өл­шен­бес абыройға бөлер құдіреті де қатар жүреді. Жас та болса актер Нұркен осы жауапкершіліктің салмағын жете түсінеді. Өзін үнемі Абай шығармашылығымен сусындатып келе жатқан өнер иесінің кейіпкер бейнесін ішке сіңірудегі сол ізденісі әр сөзі мен әрекетінен, әр демі мен үн­сіздігінен сезіліп тұрады. Сах­нагердің сомдауындағы ақын бей­несі осы бір ішкі иірімдерімен, күрделі күңіреністерімен бірден көз алдыңызда биіктей жөнеледі. Бұл – ең бірінші классиканың құдіреті болса, екіншіден, актер ізденісінің жемісі деп бағалау керек.

Актер Нұркен Өтеуілов ойы­нының үлкен жетістігі – сахнагер өзге әріптестері салып кеткен сара жолды құрметтей отырып, Абай бейнесін сомдауда өз сүрлеуін сала білгендігі. Ол тұңғыш рет Абайды портреттік бейне бедерінен алып шығып, ақын, ұстаз, қайраткер тұлғаның жан дүние арпалысы мен жалпы адами қалып, пендеуи мінез-құлықтарын да сахнада сәтті сараптай білді. Режиссер Әлімбек Оразбектің режиссерлігімен 2010 жылы қо­йылған Мұхтар Әуезовтің клас­сикалық Абайын кемеліне кел­тіре кейіптей отырып, өзінің із­денісін әрі қарай ұлы ақын қара­сөздері негізінде түзілген «Жан» атты жаңа моноспек­такльде әрі қарай жалғастырады. Бұл – Нұркеннің өз Абайы. Өйткені актер Нұркен өз Абайына келу үшін ұзақ жыл ғұлама Мұхтар Əуезовтің Аба­йымен «ауырды» һәм сол ар­қылы кемелденді. Ол Абай бұл Абай­ға келу жолындағы актердің да­йындығы десек, тіпті де артық айтқандық емес.

Иə, расымен де, бұл Абай бұрын­ғыдан өзгерек. Мұнда ел бі­летін, сіз бен біз шамамыз жеткенше тануға үздіксіз талпынып келе жатқан кемеңгер Абайдан бұрын, адам – Абайдың жаны сайрап жатыр. Абайды іздеп кел­ген көрермен сахнадан өзін жо­лықтырады. Пендеуи тірлігімен бетпе-бет келеді. Сонысымен де Нұркен ойынының бәсі басым, ерекшелігі мол. «Автордың идея­сын көрермендерге жеткізетін актер – сахнаның ақыны» десек, актер Нұркен Өтеуілов Абай бей­несі арқылы шын мәнінде сахнада ақындық, кемеңгерлік биікке көтеріле алған.

«Абай» трагедиясы сахнаға шық­қалы бері де ғасырға жуық­тапты. Сол аралықта еліміздің түкпір-түкпіріндегі театрларда түрлі «Абайлар» үздіксіз қо­йы­лып келеді. Оның қарқыны ­биыл­ғы ақын мерейтойы тұсын­да тіп­ті үдей түскені және анық. Әйт­се де, барлық актердің бағыт тү­зеп, бағдар алатын бір-ақ құ­бы­ласы бар, ол – Абайдың шы­ғар­машылық мұрасы.Олай дей­тініміз, Абай бейнесі – үлкен сы­нақ. Нақтылай түссек, ұлттық, халықтық сынақ. Себебі Абай бейнесі парасаттылық пен абыройды өнбойына жинаған бір­ден бір тұлғалық образ. Ендеше келешекте Абай бейнесін сомдайтын актерлер тұлға тереңдігін тү­сініп, сол сынақтан сүрінбей өт­се деген тілегіміз бар. Өйткені Абай­ды ескі сүрлеуден алшақ әке­тіп, тәуелсіз заман жастары таны­мын­да жаңаша танитын кезең әл­де­қашан туған.