• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Желтоқсан, 2020

Коронавирус: Әлемдегі ахуалға шолу

191 рет
көрсетілді

Жапония Парламенті өз азаматтарын тегін COVID-19 қарсы екпе егу туралы заңды қабылдады, бірақ бұған жауап ретінде жапондықтардан қарсы көрсетілімдердің ерекше жағдайларын қоспағанда, екпе алу толықтай міндеттелді.

Түркияда COVID-19 туындаған өлім-жітімнің тәуліктік рекорды жаңартылды - өткен 24 сағат ішінде 190 адам қайтыс болды. Елде кешкі сағат 21:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді.Латвия төтенше жағдай режимін 11 қаңтарға дейін ұзартты. 3 желтоқсаннан бастап елде "2+2" деген атпен белгілі ереже енгізілді - 2 метр қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда екі адамнан артық кездесулерге тиым салынды. Сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді, бетперде тағу кез-келген қоғамдық орындарда, оның ішінде мектептерде тағуып жүру міндеттелді. Латвия Премьер-министрі елдегі жағдайды өте ауыр деп атады.Австрия билігі елге туризм мақсатында келгендерге міндетті карантин енгізді. Шара 7 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін қолданылады. Сонымен бірге, елде локдаун шарттары біртіндеп жеңілдетілуде. Атап айтқанда, 7 желтоқсаннан бастап мектептер, азық-түліктен басқа заттарды сататын дүкендер мен шаштараздар ашылады. Сонымен қатар, 7 қаңтарға дейін мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер, сондай-ақ спорт, мәдени және демалыс орындары жабық болады. Шаңғы тебу мен басқа да ашық ауада айналысатын спорт түрлеріне 24 желтоқсаннан бастап рұқсат етілмек.Италияда тау шаңғысы курорттары қаңтар айының ортасына дейін ашылмайды. Рождество мен жаңа жыл мерекелері кезінде ел өңірлері арасында қозғалыс қатаң шектеледі. Желтоқсан айының соңына дейін мемлекеттің басым бөлігінде сағат кешкі 21:00-ден басталатын коменданттық сағат сақталады. Бірақ мейрамханаларға ғимарат ішінде қызмет көрсетулеріне рұқсат берілді.Германия ауруханаларының реанимациялық бөлімшелерінде орта есеппен үш орын ғана бос. Неміс Анестезиология және қарқынды медицина қауымдастығының мамандары пандемияға байланысты реанимациялық бөлімшелерге шамадан тыс жүктеме қаупі артып келетінін айтуда. "Біз қарқынды медицина тарихында әлі кездестірмеген ерекше ауыр жағдайға тап болдық", - деді ұйымның өкілі Гернот Маркс.