• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2020

2020 жылдың инфляциялық көрсеткіштері жарияланды

189 рет
көрсетілді

«ҚҚҚ қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына 2020 жылдың желтоқсан айында кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады» деп жазады Egemen.kz.

Ал сарапшылар 2021 жыл бойына инфляция мақсатты дәлізге қайта оралмайтынын айтып отыр. Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Осы жарияланымда келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген:

Brent маркалы мұнайдың құны; Ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны; Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны; Инфляция; ЖІӨ; ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі.

Қаржы нарығына қатысушылардың күтулері қолайлы сыртқы жағдайлар аясында айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.

Қаңтар айының басында USDKZT бағамы 417,5 теңге деңгейінде;бір жылдан кейін — 429,7 теңге (бұрын 445,6 теңге) деңгейінде болады деп болжануда.

14 желтоқсандағы отырыстың қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеме өзгермейді, бірақ 12 айдың көкжиегінде монетарлық жағдайларды аздап жеңілдеуі мүмкін..

Инфляциялық күтулер жақсарғанын көрсетті, алайда бағаның өсуі келесі 12 айда нысаналы дәлізге (4-6%) оралмайды. ТБИ бойынша орташа күтулер бір жылдан кейін 7,3% - дан 6,9% - ға дейін ауысты.

Табысты вакциналар және көмірсутектер нарығын қалпына келтіру туралы жаңалықтарда ел экономикасының өсуі бойынша күтулер тиісті жақсаруды көрсетті. Қазақстанның ЖІӨ-нің өсуі 12 айдан кейін 2,5% - ды құрайды, бұған дейін 2,3% - ға өсу күтілгенімен.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтуынша, қарашаның қорытындылары бойынша Қазақстандағы экономикалық динамика қазан айына қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде.

«Динамиканы жақсартудың негізгі факторлары шикізаттық емес секторларға инвестициялар, экономиканы несиелендіру, нақты сектордың өсуі және қызмет көрсету саласының жандануы, сондай-ақ экономиканы қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар болып табылады», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы. Осылайша, құрылыс индустриясында жоғары өсім және өңдеу өнеркәсібінде қарқынды өсу байқалады», - деді министр.

Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік жақсарып, ұзақ мерзімді тауарларға деген сұраныс қалпына келеді. «Нақты сектордың өсуі 2,0% дейін жеделдеді. Қызметтер өндірісінің өсу динамикасы минус 5,9% дейін жақсарды. Нәтижесінде ЖІӨ өсу қарқыны минус 2,8% болды