• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Елбасы 11 Желтоқсан, 2020

Партияның жұмыс жоспарымен танысты

128 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Nur Otan партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентіне партияның үгіт-насихат кезеңі­не әзірлігі және Jas Otan жастар қана­ты­ның съезін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назар­баевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұр­ғындарымен өткен кездесулерінің қо­рытындылары туралы мәлімет бе­рілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жос­парымен таныстырды.

– Біз Бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағ­дар­лама бекітілді. Енді жан-жақты түсін­діру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.