• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Желтоқсан, 2020

АҚШ-та вакциналау басталады

235 рет
көрсетілді

АҚШ тұрғындары коронавирусқа қарсы тиімді деп танылған Pfizer/Biotech компанияларының вакцинасын дүйсенбіден бастап ала алады. Вакцинаның алғашқы үш миллион дозасы осы демалыс күндері барлық штаттарға жіберіледі.

Осыған дейін клиникалық зерттеу нәтижесі вакцинаның COVID-19-дан 95% қорғайтынын анықтаған. Сондай-ақ АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) оны қауіпсіз деп таныды. Елде сенбі күні коронавируспен байланысты 3309 өлім тіркелген. Бұл Johns Hopkins университетінің сайтында жарияланған әлемдегі ең жоғары бір күндік көрсеткіш болып отыр. Жалпы, АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны қараша айынан бастап күрт өскен.

Жұма күні Pfizer/BioNTech вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат беру ар­қылы Трамп әкімшілігінің қысымы­на ұшыраған FDA бұл қадамды пандемия­дағы маңызды кезең деп атады. Ал Ұлы­бри­танияда жаппай вакциналау бас­талып кетті. Pfizer вакцинасы одан бөлек Канада, Бахрейн және Сауд Арабия­сының реттеуші органдарының рұқ­сатын алды. Барлық елдегі тәжірибе көрсет­кен­дей АҚШ Денсаулық сақтау органдары да алғашқы дозаларды медицина қыз­меткерлері мен қарттар үйінің тұрғын­дарына береді деп күтілуде. Бұл топтарға жатпайтын америкалықтардың көпшілігі вакцинаны қаңтар айында алуы мүмкін, ал вакцина жалпыға бірдей сәуір айында қолжетімді болады.

Вакцина иммундық жүйені коронавируспен күресуге үйретеді. Бұл – вирус­тың генетикалық кодының кішкене бөлі­гін қолданатын жаңа инъекция түрі.  Ағзаға енгізгеннен кейін ол вирус секілді иммун­дық жүйенің шабуылға көшуіне ықпал етеді. Генетикалық материал жасушаларға енуі үшін шағын арнайы майдан жасал­ған қорғаныс қабатымен қапталған. Вакци­наның нақты неден жасалғаны белгісіз. Алайда басқа өндірушілер вакцинаны тұрақты және тиімді ету үшін алюминий секілді заттар қосуы мүмкін. Вакцинаның екі дозасын араға үш апта салып алу керек, сонда ол өндірушілер мәлімдегендей COVID-19-дан 95%-ға дейін қорғай алады.