• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Желтоқсан, 2020

Медқызметкерлер қандай қолдауға да лайық

205 рет
көрсетілді

Шымкентте Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу кезінде сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.

– Күрделі санитарлық-эпи­де­­миялық жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлеріміз бен кіші медициналық қызмет­кер­­леріміз қаржылық қолдау шара­­ларының жаңа пакетіне лайықты. Дәрігерлер мен сани­тар­­ларды жеке қорғаныс құрал­дарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету жұмысын тоқ­татуға болмайды, – дейді Г.Мү­сілтаева.

Кандидаттың айтуынша, мем­лекет қауіпті инфекциямен кү­ресте алдыңғы қатарда жүр­ген және вирус жұқтырған адам­дар­мен байланыста болған барлық дә­рі­герлерге үстемеақы төлеуі тиіс.

– Ел Президенті мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын осы жылдан бастап ішкі жалпы өнімнің 5%-на дейін арттыру міндетін жүктеді. Әри­не, бұл маңызды қадам. Бірақ бұл қаржы азаматтардың ден­саулығын қорғауды тиімді қам­тамасыз ету үшін жеткіліксіз. Қазақстан Халық партиясының мүшелері таяу жылдары мемле­кет­тің медицинаға арналған шығыс­тарының көлемін ұлғай­ту­ды көздеп отыр. Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау сала­сына көп көңіл бөлінеді. Қазақ­стан да осы жолды ұстануы керек, – дейді Г.Мүсілтаева.

Кездесуге қатысушылар ден­саулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, пайым пі­кірлері мен шағымдарын жет­кізді.

Сондай-ақ Теміртауда Пар­ламент Мәжілісінің депутат­ты­­ғына осы партияның атынан кан­дидат Дмитрий Полтаренко «Ме­нің үйім» дағдарыс орта­лығының мүшелерімен кездесті. Әңгімеге балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуі өзек болды. Кандидат Қазақстанда отбасындағы зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды өзгерту қажеттігін алға тартып, жазаны қатаңдату керектігін жеткізді.

– Карантин енгізілгеннен кейін әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зом­былық фактілері жиілеп кетті. Осы жылдың сәуір айында 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құр­бандарынан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Зардап шеккендер полицияға қоңырау шала алады. Бірақ зардап шегу­шілер мұндай жағдайда тәртіп сақ­шылары көмектеспейді деп қорқады. Себебі полиция қызмет­кер­лері отбасы мүшелерін татулас­тыруға тырысады. Егер отбасы­ның шырқын бұзған адам жауапқа тартылған жағдайда тек айыппұл ғана төлейді, – дейді Д.Полтаренко.

Кандидаттың пікірінше, қо­ғамда полиция мен сот жүйе­сіне сенімсіздік бар. Құқық қор­ғау және сот органдарында әйел­дер­дің аз ғана өкілінің болуы сот төрелігін зардап шеккендердің пай­дасына қол жеткізуді қиын­датады.

– Биыл Қазақстанда тек 8 айдың ішінде отбасылық-тұр­мыстық зорлық-зомбылық ба­ғытында 130 мыңнан астам құқықбұзушылық жасалды. Алай­да бірнеше адамның ісі ғана сотқа жетеді. Кейінгі үш жыл­да отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылық фактілері 2,5 есе өсті. Сондықтан тұрмыстық зор­лық-зомбылық туралы жаңа заң жобасын қабылдау өзекті болып отыр. Қазақстан Халық пар­тиясы осы бағытта белсенді жұмыс істеуге ниетті, – дейді Д.Пол­таренко.