• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Пікір 06 Қаңтар, 2021

Жаһандық ой жатыр

220 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы болашаққа бағдар береді.

Сонда айтылған ойлардың ішінде ерекше көңілге қонғаны – Президенттің азаматтық қоғамды қалыптастыруға және дамытуға негіз болатын бастамалары туралы сөзі. Саяси реформаларсыз экономиканы дамыта алмайтынымызға көзіміз жетті. Десек те саяси реформа, Мемлекет басшысы айтқандай, бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Бізге қоғамның түрлі көзқарасын жеткізіп, әртүрлі проблеманы шешуге мұрындық болатын партиялар керек. Көппартиялы жүйе осыған алып келеді. Бір партия биліктікі болса, бір партия халықтың сөзін сөйлеуі тиіс.

Шын мәнінде, біздің тәуелсіздік жолындағы тарихымыз беріден басталмайды, бұл мыңжылдықтарға ұласады. Жасыратыны жоқ, сол тарих ұмытылып кетті. Міне, осындай маңызды мәселеге Президент тереңнен тоқталды. Біз азаттық жолындағы тарихымызды біліп, оны кеңінен түсіну арқылы егемендіктің қаншалықты құнды екенін жете ұғына аламыз. Халыққа, өскелең ұрпаққа егемендік жолындағы терең тарихымызды түрлі кино өнімдерімен жеткізу арқылы ұлттық рухымызды көтереміз. Ұлттық рухы биік халық мәңгі жасайды, тек дами береді.

Президент өз мақаласында эколо­гияға қатысты да толымды сөздер айт­ты. Осыған қоғамдық қызмет тұрғы­сынан қарасам, мұнда жаһандық ой жатыр. Өйткені қазіргі әлемдік тенденция – қоршаған ортаны қорғау, айналаны ластамау, ағаш отырғызу. Мемлекет бас­шысының дәл осы бағытқа қоғам­ды тәрбиелеу, баулу керектігі туралы ойына толық қосыламын. Біз осы пла­нетаның тұрғыны, оның қорғаушысы, ертеңге аманаттаушы екенімізді ұғы­нуы­мыз керек. Бұл – туған жерге деген сүйі­с­пеншіліктен басталатын кең ауқымды, жаһандық деңгейде ойлай алатын адамның ісі.

 

Азаматхан САЙЛАУҰЛЫ,

«Байтақ болашақ» экологиялық қозғалысының төрағасы