Елордалық ANTIKOR ORTALYGY алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева тікелей эфирде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
2020 жылды қорытындылай келе, Айдос Қолдасов қала әкімдігі елорданы цифрлық трансформациялау бойынша үлкен жұмыс атқарғанын және «Smat City» бірыңғай тұжырымдамасын қалыптастыру үшін бірқатар жобаларды іске қосқанын атап өтті.
Елорда әкімдігі цифрландыру, инновация және автоматтандыру саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі уақытта әкімдік 158 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 100%-ы толық цифрландырылған. Егер өткен жылмен салыстырсақ, ол 73,5% құрайды.
Сондай-ақ, әкімдік «Kazaerospace» ЖШС-мен бірлесіп жер қатынастары саласында 17 қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір дәрежеде төмендетуге, қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және азаматтардың уақытша және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Биыл әкімдік бірнеше қанатқақты жобаны іске қосты. Олардың бірі «Ақылды шлагбаум» жобасы. Шлагбаумға орнатылған жүйе тәуліктің кез келген уақытында жедел жәрдем және басқа да шұғыл қызметтері үшін шлагбаумдардың автоматты түрде ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2020 жылдың қараша айында қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін «Қауіпсіз қала» қанатқақты жобасы іске қосылды. Қазіргі уақытта жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде және 300 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Цифрлық даму министрлігімен және ұялы операторлармен ынтымақтастық шеңберінде базалық стансаларды орнату үшін антенна-діңгек құрылыстарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұялы байланыс сигналының деңгейі жақсарды, ал ұялы байланыс операторлары тұрақты қамту аймағын кеңейтті.
2020 жылға антенна-діңгек құрылыстарын салуға 16 жер учаскесі анықталып, бөлінді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторларымен базалық стансаларды жеткізу және орнату жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп 2021 жылға арналған қаланың тұрғын үй алаптарына оптикалық байланыс арналарын өткізу бойынша жұмыс (жоба) жүргізілуде. Қала әкімі мен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы арасында жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға және жол картасына қол қойылды.
Цифрлау сәулет саласында өз ретімен жүріп жатыр. Қаланың ірі жобаларының бірі — геопортал құру. Құрылған электрондық жер картасы нақты уақыт режімінде жер учаскесі туралы оның кадастрлық нөмірінен бастап коммерциялық тиесілігіне дейінгі барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласында әкімдік пилоттық режимде 112 қызметін іске қосты. Жоба өтініштерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады; АҚШ-тағы "911" аналогы бойынша қаланың барлық шұғыл әрекет ету қызметтерін бірыңғай 112 нөмірімен біріктіру.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы эпидемиялық ахуалды мониторингілеу және жедел медициналық көмек базасында covid-19 күрес бойынша жедел шаралар қабылдау үшін ахуалдық орталық ашылды және модульдік зертханалар автоматтандырылды, бұл ПТР-талдауларды зерттеу процесін бірнеше есеге жеделдетуге мүмкіндік берді.
ТКШ желісі бойынша "IQala" орталығы жұмыс істейді, ол «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған.
Бүгінгі таңда «iQala» орталығы тәулік бойғы режимде бұрын түрлі монополистер мен мемлекеттік мекемелер көрсеткен 151 қызметті тікелей ұсынады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 72 712 қызмет көрсетілген. Бұл қаржылық шығындарды азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және өтініш берушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік-көлік жүйесі толығымен енгізілді, соның арқасында елорда жолдары – еліміздегі ең қауіпсіз жолдар.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда ЖКА саны 32%-ға, ЖКА салдарынан жарақат алу 40%-ға төмендеді, ал жолдардағы өлім деңгейі 14%-ға қысқарды. Қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 52%-ға қысқарды.
2020 жыл сандық оқиғаларға толы болды, барлық маңызды оқиғаларды еске түсірейік.
Елорда әкімінің тапсырмасына сәйкес қыркүйек айының соңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан цифрландыру жөніндегі IT-кеңес құрылды.
Қоғамдастықтың міндеті ыңғайлылық, ашықтық пен транспаренттілікті ұсына отырып, цифрландыруға тартылған барлық тараптар үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында осы жылы IT-кеңес қорытынды болып өтті, онда IT-саласында өткен жылдың қорытындылары шығарылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы кезекті STEM-олимпиада, хакатон, буткемп және стартаптар байқауы өтті. Осындай іс-шаралар елорданың инновациялық экожүйесін дамыту үшін тетік болып табылады. Өткен стартаптар байқауына мыңға жуық адам қатысты.
Әрқайсысына қанатқақты жобаларды іске асыру үшін білім беру бағдарламалары, инвестициялар және алаңдар ұсынылды. Өткен STEM-олимпиадаға 44 мектеп командасы қатысты, барлығы 90-ға жуық оқушы қатысты. Осы конкурстар шеңберінде қала үшін ең үздік технологиялық шешімдер конкурсы өткізілді, олар кейіннен қаржыландырылды және олардың өнімдерін тестілеу үшін пилоттық алаңдар берілді.
Айта кету керек, биылғы жыл БҰҰ ЕЭК-пен "ақылды және орнықты" қалалардың индикаторлары негізінде "қала бейінін" қалыптастыруға қатысты жемісті ынтымақтастықпен өтті. Қазақстанның елордасы үшін арнайы ұсынымдар әзірленді, олардың бір бөлігі енгізілді және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен бірлескен кеңесте таныстырылды.
Сондай-ақ, 2020 жылы IDC халықаралық компаниясының нұсқасы бойынша Нұр-Сұлтанның зияткерлік көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші орын алды.
Сондай-ақ, Айдос Жолдасов әкімдіктің 2021 жылға арналған цифрландыруды дамыту жоспарларымен бөлісті.
Халық өмірінің сапалы өсуі үшін «ақылды» қаланың барлық мүмкіндіктерін дамыту үшін біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз былайша қойылған:
1. Әкімдіктің IT-архитектурасын әзірлеу2. Нұр-Сұлтан қаласында деректерді өңдеу орталығын құру3. Антенна-діңгекті құрылыстар мен базалық станцияларды орнату4. Тұрғынның бірыңғай картасы5. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы6. «Ақылды шлагбаум» жобасын дамыту7. «Smart Astana» мобильдік қосымшасын жаңғырту8. IT-іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.