• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қаңтар, 2021

Қазақстан экономикасының өсімін оң бағалады

948 рет
көрсетілді

Global Economic Prospects-тің 2021 жылғы 5 қаңтардағы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағын қайта қарады.

Жаңартылған бағалауларға сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономиканың көлемі 4,3%-ға қысқарды. Бұған дейін банктің 2020 жылғы маусымдағы есе­бінде 2020 жылы әлемдік эко­номиканың 5,2% деңгейінде қысқаруы болжанған болатын.

2020 жылы әлемдік экономи­каның динамикасын бағалауды жақсартудың негізгі факторы жекелеген дамыған және дамушы елдерде төменгі құлдырау және ҚХР-да белсенді қалпына келтіру болды.

Дүниежүзілік банктің баға­лауына сай 2020 жылы өсу бағасын көтерген елдердің бірі Қазақ­стан болды. Яғни Дү­ние­жүзілік банктің жаңар­тылған есебіне сәйкес, 2020 жылдың нәтижелері бойынша ұлттық экономиканың өсуі 2,5% құрады, 2020 жылғы маусымдағы есепте 3% деп бол­жанған еді.

Үкіметтің экономиканың нақты секторы­ның тұрақты­лығын қамтамасыз ету және аза­маттардың әл-ауқатын қол­дау жөніндегі тиімді шара­лары ұлттық экономиканың өсуін бағалауды жақсартудың негізгі факторына айналды.

Дүниежүзілік банк бизнес­ке қажетті көмекті өрістету, оның ішінде субсидия­ланған қаржыландыру және салық жеңілдіктері тетіктері арқылы халықтың зардап шеккен топтарына тікелей трансферттер беру, сондай-ақ медициналық инфрақұрылымның қолжетім­ділігін арттыру бойынша Үкімет шараларының тиімділігін атап өтті. Салыстыру үшін, экономика өсімін бағалау 2020 жылы Мажарстан (5%-дан 5,9%-ға дейін), Аргентина (7,3%-дан 10,6%-ға дейін), Мексика (7,5%-дан 9%-ға дейін), Украина (3,5%-дан 5,5%-ға дейін), Қырғызстан (4%-дан 8%-ға дейін), Грузия (4,8%-дан 6%-ға дейін), Әзербайжан (2,6%-дан 5%-ға дейін), Армения (2,8%-дан 8%-ға), Индонезия (0%-дан 2,2%-ға дейін), Таиланд (5%-дан 6,5%-ға дейін) тәрізді елдер бойынша төмендетілді.

Бұдан басқа, Global Economic Pro­spects жаңартылған есебін­де Дүниежүзілік банк 2020 жыл­ғы мау­сымдағы есепте 4,2% баға­лау­мен салыс­тыр­ған­да 2021 жылы әлемдік эконо­мика­­ның өсу болжамын 4%-ға дейін тө­мен­дету жағына қайта қарастырды.

2021 жылы 4% деңгейінде өсу күтілуде, бұл COVID-19 вак­циналарының қолданыла бас­тауы алдағы барлық кезең бойы кең көлемде жалғасқан жағ­дайда мүмкін, деп хабарлады Үкі­меттің баспасөз қызметі.