• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қаңтар, 2021

Ауру балаға қатігездік көрсеткен медбике қандай жаза алды?

190 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік сот балаға қатыгездік жасаған новосібірлік медбикеге қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Новосібір облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

 Интернетте екі видео пайда болғаннан кейін, тергеушілер үш қылмыстық іс қозғады. Тексеру нәтижесінде видеоның екеуі – қатыгездік фактісі бойынша және тағы бірі − аурухана басшылығының немқұрайдылық танытқанына байланысты дәлел ретінде алынған.

2020 жылдың желтоқсанында сот осы істі қозғап, нәтижесінде медбикелердің біреуін бір жыл көлеміндегі түзеу жұмыстарына жіберу жайлы үкім қабылдаған еді.

13 қаңтарда Новосібір облысының мемлекеттік денсаулық сақтау бюджеттік мекемесіндегі «Балалар туберкулез ауруханасы» бөлімінің медбикесі Наталья Старусеваға байланысты қылмыстық іс бойынша шешім қабылданды.Медбикеге Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 156 бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша айып тағылды. Сот оның пациентке қаталдық танытқанын анықтады. Дәлірек айтсақ, медбике 2020 жылдың 3 қарашасында кішкентай балаға қол көтерген.

Сот тараптардың татуласуына байланысты Старусеваға қатысты қылмыстық істі тоқтатты (ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды). Жарлық заңды күшіне енген жоқ. Десе де медбике 10 мың рубль мөлшерінде моральдық зиян үшін қаражат өтеу керек», деп хабарлады прокуратура.

 

Аида Оралбек