• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2021

Біз үшін бәрінен қымбат

786 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым.

Тәуелсіздік – ұлттық құнды­лық­тарымыздың ұлығы, алаш жұр­тының азат ел екенін әлемге айғақ­тайтын қасиетті ұғым. Тәуел­сіздік жылдары еліміз тұ­рақ­тылықты, халықтың ауызбір­шілігін іргетас етіп қалап, бірлігі бекем ел ретінде алға қа­дам бас­тық. Әлемге бейбіт­ші­ліктің жаршысы, игі істердің бас­тамашысы ретінде танылды. Ұлт татулығы, ұлыстар бірлігі әлем­ге үлгі болды. Бұл біздің тәуел­сіздік жолында жеткен үлкен жетістігіміз.

Осы мақалада Президентіміз: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиға­сына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздары­мыз Кеңес Одағының қаһары­нан қай­мықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының аза­мат­тық ерлігі лайықты баға­сын алып, жоспарлы түрде насихат­талуы керек. Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыз­дағы бірнеше айтулы оқиғаның ме­рейлі белесін атап өтеміз» деген сөзі еліміздегі барша жел­тоқ­сан ардагерлері мен олардың отбасыларына зор қолдау болды.

«Жылы сөз жанға шуақ, бой­ға қуат сыйлайды» деген тегін­нен тегін айтылмаса керек. Сонымен қатар мақалада өтке­німіз бен келе­шегіміз туралы толғанарлық тал­дау, болашақта бағамдар ба­йыпты бағыттар сіл­тегендей әсер береді. Биыл­ғы жылдары атқа­рылатын ау­қымды жұмыстар мен тың бас­та­малардың басында тұрған Прези­дентіміздің серпінді сергек ойы ел жұртшылығына тыңнан күш бергендей болды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық болмы­сымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау» үшін «тамырымыз­ды берік сақтауға» бағдарлы бағыт­тар көрсетеді. «Мәдени мұра» бағдарламасын жалғастыру, «Наурыз» мерекесін жаңа сипатта, жаңаша үлгіде жан-жақты насихаттау – ел ертеңі жастарға жүктелген маңызды қадам. Бұл байыпты бастамаларға жел­тоқ­сан ардагерлері ретінде біз­ де қолдап, қуаттап қосы­ламыз. Тәуелсіздік туын нық ұстаған отандастарымызға айтарымыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Біз үшін тәуелсіздік – бәрінен де қымбат!

 

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ,

Созақ аудандық «Желтоқсан ардагерлері» қоғамдық бір­ле­стігінің төрағасы

 

Түркістан облысы,

Созақ ауданы