Алматы облысында 12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні көлік апатынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, Mitsubishi Pajero автокөлігі Құлжа тас жолымен шығыс бағытындағы 78-ші шақырымда оған өте жоғары жылдамдықпен Nissan Cefiro-ға соқтығысқан. Нәтижесінде Mitsubishi қарсы жолаққа ұшып шығып, LADA Largus автокөлігіне соғылады.
Салдарынан Nissan мен LADA-дан екі жолаушы апат орнында қайтыс болды. Дәрігерлер LADA мен Nissan жүргізушілеріне жедел көмек көрсетті. Кейін LADA жүргізушісінің ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болғаны белгілі болды.
Сондай-ақ Mitsubishi Pajero көлігінің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 2019 жылы туған бала бар. Абырой болғандаа олар ауыр жарақат алмапты.
Ал Nissan автокөлігінің жүргізушісінің жағдайы ауыр. Оның көлігінің салоннан сыра ыдысы мен әйнектің сынығы анықталған соң, мамандар жүргізушінің қанын сараптамаға алған. Жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізді деген болжам бар. Оқиға орнында облыстың анықтаушысы мән-жайды түсіндіріп, тиісті сараптамалар тағайындады.
Аида ОРАЛБЕК