• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Білім 14 Қаңтар, 2021

Еліміздегі мектеп асханаларына жұмыс істеуге рұқсат етіледі

151 рет
көрсетілді

Еліміздегі мектеп асханаларына жұмыс істеуге рұқсат берілмек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Мектеп асханаларын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Аталған мәселе бойынша балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу жоспары егжей-тегжейлі сипатталады», деді Қиясов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы тұрақты аймақтарда мектеп асханаларын ашу туралы ұсыныс бар.

 Айтолқын МЫРЗАКАРИМ