84 жастағы белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов коронавируспен ауырып қалды, деп хабарлайды egemen.kz.
Белгілі болғандай, ақынның жұбайы да ауырып қалған. Әлеуметтік желілерден олардың екеуі де коронавируспен ауыратын науқастар үшін бейімделген 70-ші разъездегі Алматы ауруханасына жатқызылғаны белгілі болды.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растап, Олжас Омарұлы мен Маргарита Владимировнаның жағдайы жаман емес және олар жақында ауруханадан шығарылатынын хабарлады.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ